Биыл Қостанай облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 16 жоба қолға алынып отыр. Мемлекеттік бағдарламаның, әсіресе шалғайдағы елді мекендерге тигізіп жатқан игілігі мол. Бүгінде облыс орталығынан 600 шақырымдай шалғай жатқан Жангелді ауданында көптен күтім көрмеген мектеп, аурухана ғимараттары жаңарып, бұқаралық спорт нысандары күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Аурухана модульді құрылғымен жылиды
Торғай кентіндегі аудандық аурухананың іргесі 1975 жылы қаланған. Көптен бері дұрыс күтім көрмей тозыңқырап қалған екі қабатты ескі ғимаратқа биыл сәуір айында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қазір мұнда қызу жұмыс жүріп жатыр. Емдеу мекемесінің хирургиялық, ота жасау бөлімдері мен әкімшілік ғимараты жаңартылып, заман талабына сәйкес іші-сырты қапталып, бүтінделіп, төбесі қайта жабылуда.
– Бұл енді көптен күткен үлкен қуаныш. Жуырда ауданға жасаған сапарында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс барысын көріп кетті. Сол кезде шешілген тағы бір мәселе, қазір күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан екі қабатты ғимараттың сыртында тағы екі ғимарат болатын. Оның біреуінде емхана мен перинаталды орталық орналасқан. Екіншісінде жұқпалы ауруларды емдейтін. Бұған дейін осы үш емдеу ғимаратының әрқайсысы бөлек жылытылатын. Әр ғимаратта дербес бір жылу қазандығы болатын. Оның шығыны аз емес еді, отын көп кететін. Енді бүкіл аурхана кешені, яғни жаңағы үш ғимараттың бәрі модульді жылу қазандығы арқылы орталықтан жылытылатын болады, – деді аудан әкімі Шота Оспанов.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан бұл жобаның жалпы құны 420 млн теңге болады. Қаржы облыс бюджетінен бөлініп отыр. Бұл денсаулық сақтау басқармасының тапсырысымен істеліп жатқан шаруа. Бас мердігер – «Аллюминий құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
– Күрделі жөндеу жұмыстары сәуірде басталған. Қазір мұнда 55 адам жұмыс істеп жатыр. Аурухананың 56 орындық дербес хирургиялық корпусы толық жаңартылады. Биыл қыркүйек айында толық аяқтап, тапсырамыз, – деді серіктестік басшысы Абай Мұқанов.
Аудандық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қуат Әлмағамбетовтың айтуынша, қазір аудан көлемінде жалпы саны 300-ге жуық медицина қызметкері бар. Ауданда медбикелер жеткілікті болғанымен, дәрігер мамандар жағы тапшы. Алайда аурухана күрделі жөндеуден өтіп, медициналық құрылғылармен толықса, кадр мәселесінің де шешілетін түрі бар. Өйткені биыл «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылға жұмысқа тұрған жас мамандарға берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі артты. Сонымен қатар ауылдағы жас мамандарды баспанамен қамту мәселесі де оңай шешіледі. Бұл мақсатта әрбір жас маманға жылдық сыйақысы 0,01% болатын 4 млн 167 мың теңге көлемінде қаржы беру көзделіп отыр.
«Топжарған» стадионы пайдалануға беріледі
Басты мақсат – ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту. Бұл бағытта қолға алынған ауқымды істің бірі – Торғайдағы «Топжарған» стадионын жаңарту жобасы. Стадион 154,8 млн теңгеге қайта жаңартылып жатыр. Аталған жобаның аясында 40 жаңа жұмыс орны құрылды. 20 жұмыс орны жұмыспен қамту орталығы арқылы ашылып отыр. Ауылдық елді мекендерде бұқаралық спорт түрлерін дамытуды көздейтін дене шынықтыру-сауықтыру кешені 3 мың адамға арналған.
– Бұған дейін аудан орталығында бұқаралық спортқа орын жоқ болып келген. Мектептердегі, спорт мектебіндегі спорт залдарынан басқа жалпы бұқара халыққа арналған спорт алаңы жоқ болатын. Мектептегі спорт алаңдарының барлығы белгілі бір жас мөлшеріндегі мектеп оқушыларына, жасөспірімдерге ғана арналған орындар. Сондықтан жастардың жұмыстан кейін, кешкілік барып уақыт өткізіп, доп ойнауына, спортпен шұғылдануына мүмкіндік болмай келді. Қазіргі талап бойынша, мектептер жабық нысан саналады. Оған балалар мен мұғалімдер ғана кіре алады. Бөтен-саяқ адам кіруге болмайды. Бұрын ересектер тарапынан мектепке кіргізбейді деген шағым жиі түсіп жататын. Енді ертең «Топжарған» стадионы пайдалануға берілген соң, бұл мәселе шешіледі. Халық үшін жақсы болайын деп тұр. Енді
аудан орталығының тұрғындары жасына қарамай осында келіп спортпен айналыса алады. Мұнда заманауи волейбол, футбол, баскетбол алаңдары салынады. Мұның сыртында, стадион жанынан жабық спорт кешені бой көтереді. Ауданда 12 мыңға жуық халық тұрады. Оларды тек еңбекпен қамтып қана қоймай, бос уақыттарын тиімді өткізу жағын ұйымдастыру маңызды. Спорт кешені дене шынықтыруға қажетті керек-жарақтың бәрімен толық қамтылады. Шешініп, киім ауыстыратын, жаттығу немесе қандай да бір спорттық шара аяқталған соң, жуынатын орын, ыстық, суық су бәрі бар. Жиһаздары толық жаңартылып, заманауи кейіпке енеді. «Топжарған» стадионы алдағы уақытта аумақтық, ауданаралық жарыстарды, тіпті облыстық деңгейдегі спорт шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, – деді аудан әкімі.
Уақытында Торғай спортының бәсі басым, орны ерекше еді. Қазақ күресінен Орталық Азия біріншілігінде түйе палуан атанған Таңатқан Дүйсекеев, Орталық Азия чемпионы болған Дүзелбай Айсин мен Бекет Махмұтов, әлем чемпионы Ерлан Естеков сынды саңлақ спортшылар, өңір спортының дамуына елеулі үлес қосқан әйгілі палуандар Берік Әбілақасов, Жұмақан Қасымқановтар шыққан өр рухты шалғай өңірден соңғы 20 жыл көлемінде жұрт ауып, халық саны сиреп кетті. Сондықтан дәл қазіргі тұста, әсіресе осы Торғай өңіріндегі қазақтың бесігін тербеткен қаймағы бұзылмаған қараша ауылдарды «Ауыл – ел бесігі» сияқты тиімді бағдарламалар арқылы қолдау, қорғау шараларын күшейту керек-ақ. Кәсіп өркендеп, жастар тұрақтап, бала саны көбейіп жатса, ауыл гүлденіп, жасара бермек. Ал бүгінде «Топжарған» стадионына жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталып, нысанның пайдалануға берілуін тағатсыздана күтіп жүрген тұлпар шығар жастар көп. Спорт кешені іске қосылса, айналасы 5-6 жылдың ішінде Торғайдан талай топжарған түлеп шығары шүбәсіз.
500-ге жуық жұмыс орны ашылады
Биыл аудан орталығында 5 көше жаңартылады. Оған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша облыс бюджетінен 170 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр. Ауыл әкімінің айтуынша, бұрын асфальттанған, бірақ бүгінде тозып кеткен көшелер кеңейтіліп, жаңартылмақ және бұрын-соңды асфальт көрмеген 1 шақырымға жуық жол жөнделіп, асфальт төселеді. Бұл жұмыстарды да «Алюминий құрылысы» серіктестігі жүргізіп жатыр.
– Техникамызды ертерек жеткізіп алдық. Қазір жол жөндеу жұмыстары жартылай еңсерілді. Көшелер кеңейтіліп, қазіргі технология талаптарына сай тегістеледі. Ауылдың ажарын көше ашады. Түзу жол, сәнді көше Торғайды көрікті ете түседі. Біз бұл жобаға жергілікті тұрғындарды да тартып жатырмыз, – деді серіктестік басшысы.
Жалпы, Жангелді ауданында биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша жалпы құны 2 млрд теңгеге жуық 8 жоба мақұлданған. Бұл жобалар аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылуына септігін тигізуі тиіс.
– Осы жобалар арқылы жұмыссыз адамдарды жұмысқа қабылдап жатырмыз. Олардың тиісті еңбекақылары мен зейнетақы төлемдерін мердігерлер төлейді. Бұл бағытта ауданда біраз жұмыс атқарылды. Қазір 5 жоба өз деңгейінде жұмыс істеп жатыр. Қалған үш жобаның мердігері енді ғана анықталды. Олар жұмыс бастауға дайындық шараларын қамдауда. Техникаларын дайындап, материалдарын жеткізіп жатыр. Биыл ауданда 478 жұмыс орны ашылады. Оның ішінде 239 адамды жұмыспен қамту орталығы арқылы ресми түрде орналастырамыз деп жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде 114 адамды жұмысқа орналастырдық. Ал жұмыспен қамту орталығы арқылы 63 адам жұмыс істеп жатыр, – деді аудан әкімі Шота Оспанов.
Жеті ауылға жылдам интернет жетті
Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған интернет игілігін Жангелді ауданының тұрғындары да сезіне бастады. Биыл ауданда талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы аяқталды. Торғайға жұмыс сапары барысында желілік-техникалық цехқа өңір басшысы Архимед Мұхамбетов бас сұғып, «Қазақтелеком» торабының жұмысымен танысқан. Солтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясының басшысы Ерсайын Дүйсенәлиевтің айтуынша, бүгінгі таңда ауданның 23 елді мекені телефон қызметімен толық қамтылған. 9 елді мекенде мобильді байланыс бар. Ал 7 ауыл «Қазақтелеком» интернетін пайдалану мүмкіндігіне ие болып отыр.
«Қазақтелекомның» Солтүстік филиалы мемлекет-жекеменшік әріптестігі арқылы Қалам-Қарасу, Сужарған, Ақшығанақ, Көкалат, Аралбай, Торғай, Тәуіш елді мекендеріне дейін жалпы ұзындығы 240 шақырымнан асатын талшықты желі өткізген. Енді бұл ауылдардағы білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы нысандары мен жергілікті әкімшілік, полиция, тағы басқа 24 мемлекеттік мекеме кең жолақты интернет желісіне қосылады. Бүгінге дейін бұл ауылдарда 7 мекеме интернетке қосылып үлгерген. Жылдам интернеттің жеткені, әсіресе жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш.
Е.Дүйсенәлиевтің айтуынша, алдағы уақытта 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендерді жоғары сапалы мобильді байланыспен қамтамасыз ету үшін Ақкөл, Ақшығанақ, Көкалат, Аралбай, Тәуіш, Саға, Шилі ауылдарына ұялы байланыс операторларының мұнаралық бекеттері орнатылатын болады.
Қостанай облысы
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар