Ақтөбе қаласында полигонның жұмысын ұйымдастыру шеңберінде батыс аймақтың НОД және НЖС-10,11,12,13,14 шекараларында тасымалдау процесін басқаруды ұйымдастыру құрылымын бір филиалға толық реформалау көзделуде. Бұл Ақтөбе қаласынан барлық батыс өңірдегі пойыз қозғалысын жедел басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, пилоттық полигонды іске асыру тасымалдау процесін екі деңгейлі басқаруға көшуді қамтамасыз етеді, транзиттік пойыздардың маршруттық жылдамдығын, сондай-ақ локомотивтер мен вагондардың кепілді иіндерін ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ диспетчерлік шеңберлерді қысқартады.
Әлі күнге дейін кейбір жол учаскелерінде пойыздар қозғалысын қашықтықтан басқару, бағдаршам сигналдарын реттеу, диспетчерлік орталықтардан пойыздық диспетчерлердің жолдардағы бағыттамаларды ауыстыру мүмкіндігі жоқ. Әрине, 21 ғасырдың нақты уақытында, бұл қайта қарауды талап етеді. Сондықтан осы жоба шеңберінде станцияларда қосымша жабдық (микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыру – МПДО) орнатылады, ол осындай басқаруды жүргізуге және пойыз диспетчерінің мониторында нақты уақыт режимінде станциялық жолдардағы ағымдағы жағдайды көрсетуге мүмкіндік береді.
Пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығын құру – пойыз жағдайын орталықтандырылған бақылауды және барлық деректерді бірыңғай «ұжымдық таблоға» көрсете отырып, пойыздар қозғалысын басқаруды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде бағдаршамдардың, бағыттамалық бұрмалардың көрсеткіштері, пойыздың жақындап қалғаны туралы ақпаратты беру және алу процесі автоматтандырылады. Пойыз қозғалысын басқаруды орталықтандырылған пойыз диспетчері қамтамасыз ететін болады.
Қазіргі уақытта жоба бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Осылайша, МП ДО 140 жекелеген пунктке енгізілді. Желілік-аппараттық залдарда байланыс жабдығы жаңғыртылды, сондай-ақ темір жолдардың барлық аумағында жылжымалы құрамды бақылаудың және сигнал беру мен байланыстың барлық дистанциялары бойынша техникалық құжаттаманы жүргізудің автоматтандырылған жүйелері енгізілді.
Жалпы алғанда, "Пойыз қозғалысын басқару орталығы" жобасы қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған және Компанияның Даму Стратегиясының мақсаттарына жауап береді.