Бүгінгі пандемия жағдайында бұл бағытта орынборлықтар тарапынан ақтөбеліктерге шипасы тиетін тағы бір қадам жасалды. Яғни аталған келісім-шартқа сәйкес Ақтөбе аймағындағы провизорлық және күндізгі стационарларға 52 мың қорапша дәрілік препараттар жеткізілді.
Мұндағы он түрл дәрілік құрамнан тұратын препараттардың барлығы қазіргі күні неғұрлым жоғары сұранысқа ие екенін айтқанымыз жөн. Атап айтқанда "Азитромицин", "Бромгексин", "Ванкомицин", "Дексаметазон", "Ксарелто", "Фраксипарин", "Цефотаксим" және "Цефтриаксон" атауын иеленген дәрілер өкпе қабынуын тоқтатуға көмегін тигізбек.
Сондай-ақ фармацевт мамандардың мәлімдеуінше аталған препараттардың қызу мен қақырық түсіретін пайдасы мол.