Елімізде жақында «Ардагерлер туралы» жаңа заң қабылданып, қолданысқа енді. Осы құжатта тәжік-ауған шекарасы, т.б. әскери қимыл орындарында болған сарбаздар жаңа мәртебеге ие болып, рахметін айтуда. Дегенмен жаңа Заңнан күткен үміті ақталмай қалғандар да бар. Олар – Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл ардагерлері.

vpolovnikova ru
– Біз – балалығымызды соғыс ұрлаған, қаршадайымыздан қара жұмысқа жегіліп, «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деп ерте есейген ұрпақпыз. Жиырма миллион Кеңес халқын жалмаған сұм соғыстың ауыртпалығы біздің де балғын қабырғамызға батты, бала иығымыздан басты. Майданнан келген қара қағаз, аналарымыздың зарлы жоқтауы біздің де бала жүрегімізді оқтан бетер паршалады, – дейді оралдық Асқар Атаев ақсақал.
Шынында да, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары көп қиыншылық көріп, әкелері соғысқа кеткенде анасымен бірге ауыр жұмыс атқарып, Жеңісті жақындатуға елеулі үлес қосқан тыл ардагерлері жаңа Заңды асыға күткен еді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қазіргі тыл ардагері атанған балалар егін ору, мал бағу жұмыстарын атқарып, зауыт, фабрикада күні-түні жұмыс жасады. Соның ішінде Асқар ақсақал туып-өскен Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Орда аудандары неміс ұшақтарының бомбасы астында қалып, соғыстың ащы түтінін де жұтқан еді. Жау бомбасынан зардап шеккен ғимараттар мен жол, т.б. жүйесін қалпына келтірушілердің қатарында да үлкендермен қатар осы балалар жүрген.
– Алайда «Ардагерлер туралы» жаңа заңда Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тыл ардагерлері – 1927-1936 жылдары туған қазақстандықтар туралы ештеңе айтылмаған. Олар әдеттегі еңбек ардагерлерімен бірге жазылып кетті. Бір ауыз сөзбен болса да ерекшелеп, ескеріп, мемлекеттік қолдау шаралары болатыны айтылмады. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы жеңістің 75 жылдығы тұсында қабылданған бұл заңнан біз ерекше үміт күткен едік, – дейді Асқар ақсақал.
Бұл ардагерлер заң жобасы талқыланып жатқан кезде-ақ дабыл қағып, жергілікті ардагерлер кеңесінде, пленумда бұл мәселені талқылаған. Сөйтіп, тиісті ұсыныстар енгізу жөнінде Мәжіліс, Сенат депутаттарына да арнайы хаттар жіберген. Тыл ардагерлерінің тілегін жеткізген бұл хатқа өлкеге белгілі ардагерлер – партия, кеңес қызметкері, өлкетанушы Жайсаң Ақбаев, Батыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің және облыстық мәслихаттың бұрынғы жауапты қызметкері, тыл және еңбек ардагері, 1936 жылы туған Сайын Айтқалиев, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахим Ықсанов атындағы қордың төрағасы, Батыс Қазақстан облысы Билер одағы кеңесінің төрағасы, тыл және еңбек ардагері Асқар Атаев, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ХІ шақырылымының депутаты, партия, шаруашылық қызметкері, тыл және еңбек ардагері Әділғазы Нұрғалиев, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Х шақырылымының депутаты, партия, кеңес қызметкері, тыл және еңбек ардагері Ғазез Хаймулдин және басқалары қол қойған болатын. Бірақ бұл ұсыныстар ескерілмей, нәтижесінде заңды дайындаған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген жоба сол күйінде қабылданып кеткен.
– Біз ең жасымыз 85-ке, алдымыз 93-ке келген, дұрыс балалық шағымыз болмаған, өміріміздің аз уақыты қалған, жыл сайын азайып, «бала күнімізде шеккен бейнетіміздің зейнетін қашан көреміз?!» деп жүрген тыл ардагерлеріміз. Көршілес Ресей Федерациясының 23 аумағында «Соғыс балалары» атты заң күшіне енген, онда 1928 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 4 қыркүйегі арасында дүниеге келген балаларға әлеуметтік қолдау, мемлекеттік көмек шаралары қарастырылған, – дейді тыл ардагерлері.
Ақсақалдардың әңгімесінен байқағанымыз, олар ең алдымен әлеуметтік көмектің аздығына емес, аты аталмай, елеусіз қалғанына наразы сияқты. Мысалы, жақында қабылданған «Ардагерлер туралы» заңда әскери және азаматтық борышын шет жерлерде өтеген азаматтардың да әлеуметтік және құқықтық мүдделерін қорғайтын санат енгізілген. Әрине, олардың да ел алдында еңбегі болар. Бірақ балалық шағын соғыстың «суығы ұрған», майданның ауыртпалығын марғасқа жігіттермен бірге көтерген «соғыс балаларына» ерекше санат, арнайы мәртебе керек сияқты. Күн санап азайып бара жатқан тыл ардагерлерінің талабы осындай.
Батыс Қазақстан облысы
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Бүгін, 06:55
Спорт • Бүгін, 06:52
Спорт • Бүгін, 06:51
Балалар кітапханасы жаңартылды
Әдебиет • Бүгін, 06:50
Аймақтар • Бүгін, 06:48
Спорт • Бүгін, 06:47
Спорт • Бүгін, 06:46
Спорт • Бүгін, 06:44
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 06:43
Әдебиет • Бүгін, 06:38
Руханият • Бүгін, 06:36
Руханият • Бүгін, 06:34
Әдебиет • Бүгін, 06:33
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Руханият • Бүгін, 06:31
Еліңді сүю – жақыныңды жақсы көруден басталады
Қоғам • Бүгін, 06:30
Айналамызға мейірім төгіп жүрейік
Қоғам • Бүгін, 06:27
Қоғам • Бүгін, 06:26
Қоғам • Бүгін, 06:17
Қиыншылық бір-бірімізді сыйлауды үйретті
Қоғам • Бүгін, 06:16
Қоғам • Бүгін, 06:14
Қоғам • Бүгін, 06:13
Әлемде баламасы жоқ бірегей театр
Театр • Бүгін, 06:11
Адамдардың татулығынан асқан құндылық жоқ
Қоғам • Бүгін, 06:10
Қоғам • Бүгін, 06:09
• Бүгін, 06:04
Қоғам • Бүгін, 05:59
Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі
Қоғам • Бүгін, 05:57
Тәуелсіздік құрдастарының жобасы
Қоғам • Бүгін, 05:54
Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе
Қоғам • Бүгін, 05:52
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар