Әлем • 14 Шілде, 2020

Әлемдік экономиканы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен құлдырау күтіп тұр - Janus Henderson

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы әлемдік компаниялардың қарыздары рекордтық 9,3 триллион долларға дейін жетеді. Бұл туралы Reuters Janus Henderson компаниясының зерттеуіне сілтеме жасап Egemen.kz хабарлайды.

Әлемдік экономиканы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен құлдырау күтіп тұр - Janus Henderson

Жаһандық корпоративтік қарыздар 12 пайызға немесе бір триллион долларға өседі. Сарапшылар атап өткендей, 2019 жылы акциялар мен дивидендтерді сатып алу үшін қосылу, жұтылу және қарыз алудың жоғары санына байланысты 8 пайызға күрт өсу тіркелді. Алайда қазіргі жағдайда фирмалар капиталды сақтауға тырысады. Себебі коронавируспен күресу үшін енгізілген шектеулерге байланысты елеулі шығындар әкеледі.

Зерттеу мәліметтері бойынша, әлемдік корпоративтік қарыздың жартысына жуығы американдық компанияларға тиесілі (3,9 триллион доллар). Одан әрі неміс корпорациялары (762 миллиард доллар). Бұл ретте Германияда әлемдегі ең көп қарызы бар бірқатар компаниялар бар. Мысалы, Volkswagen қарызы 192 миллиард долларды құрайды.

Қаражат тарту үшін қаңтардан мамыр айына дейін корпорациялар 384 миллиард доллар сомасына облигациялар шығару туралы жариялады. Наурыз айында несие нарығы ең үлкен сенімге ие болғандардан басқа барлық компаниялар үшін жабылды. Алайда несие алу орталық банктердің, соның ішінде АҚШ Федералдық резервтік жүйесі мен Еуропалық орталық банк, активтер мен корпоративтік қағаздарды сатып алудың ауқымды бағдарламаларының іске қосылғанын жариялағаннан кейін қайта қол жетімді болды.

Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, әлемдік экономиканы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең нашар құлдырау күтіп тұр. Дамыған елдерде экономикалық белсенділік жеті пайызға, ал дамушы елдерде 2,5 пайызға қысқарады.