Әлем • 15 Шілде, 2020

ХХІІ ғасыр: Жерде қанша адам өмір сүретіні белгілі болды

6388 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық ғалымдар тобы әлемдегі халықтың өсімін болжады. Демографиялық дүмпудің шыңы 2064 жылға тура келеді, ал 2100 жылға қарай 8,8 миллиардқа дейін төмендейді, деп жазады Egemen.kz Lancet журналында жарияланған мақалаға сілтеме жасап.

ХХІІ ғасыр: Жерде қанша адам өмір сүретіні белгілі болды

ХХІІ ғасырдың басына қарай халықтың саны БҰҰ болжамына қарағанда екі миллиардқа аз. "Қазіргі заманғы контрацепция құралдарына және қыздар мен әйелдердің білім алуға қолжетімділігінің артуы бала туу көрсеткішінің барлық жерде тұрақты төмендеуіне алып келеді", — деп есептейді ғалымдар.

2100 жылға қарай Үндістан, Нигерия, Қытай, АҚШ және Пәкістан ең көп халық саны бар алғашқы бестікті құрайды. Вашингтон университетінің медицина мектебі жанындағы Көрсеткіштер мен денсаулықты бағалау институтының (IHME) зерттеушілері 2100 жылға қарай 195 елдің 183-і орташа туу коэффициентіне жететінін есептеп шығарды.

Бұл көрсеткіш әйел өмір бойы туған балалардың орташа санын білдіреді. Болжам бойынша, туу коэффициенті бір әйелге 2,1 құрайды. Бұл дегеніміз иммиграция артпаса, бұл елдерде халық азаяды.

Бұдан басқа, 20-дан астам елде, Жапония, Таиланд, Италия және Испанияны қоса алғанда, 2100 жылға қарай халық саны 50 пайыздан көп азаяды. Бұл ретте Қытай халқы 48 пайызға қысқарады.

Зерттеушілер жаһандық жас ерекшеліктеріне байланысты үлкен өзгерістердің болатынын да болжады. 2100 жылы әлемде 65 жастан асқан 2,37 миллиард адам және 20 жасқа дейінгі 1,7 миллиард адам болады. "Жүз жыл бойы халықтың жаһандық өсуі әлем халқы үшін ең ықтимал траектория емес", — дейді IHME директоры доктор Кристофер Мюррей.

Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жүз жылдықтың соңына қарай Жерде шамамен 11 миллиард адам тұратыны туралы болжам жасады. Бұл ретте Үндістан 2027 жылға қарай халық саны бойынша Қытайды басып озады.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20