Аймақтар • 15 Шілде, 2020

Күніне 100 литр қымыз жеткізіп беруде

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Науқастарға қымыз бен қой етінен әзірленген сорпа таратты.

Күніне 100 литр қымыз жеткізіп беруде

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті мен «Зекет» қорының Өскемен аймағы өкілдігі бірлесіп, игі істі қолға алды. Олар Өскемендегі облыстық ауруханада коронавирус індетімен ауырып, емделіп жатқан науқастарға қымыз бен қой етінен әзірленген сорпа таратты. «Науқастарға күш-қуат берсін деп қымыз бен сорпа әкеліп отырмыз. Құнарлы ұлттық тағамдарымыз азаматтардың тезірек сауығуына көмектеседі деп сенеміз. Қазіргі таңда індетпен ауырып жатқан адамдарға өңірдің дін қызметкерлері барынша қолдау көрсетіп жатыр» дейді облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Қасболатұлы.

қ

Орайы келгенде айта кетейік, «Халифа Алтай» мешіті мен қор өкілдігі облыстық ауруханаға күніне 100 литр қымыз және қой сорпасын жеткізіп жатқан көрінеді.

ӨСКЕМЕН