«...Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам». Талантымен талайды тамсандырған бард-әнші Табыл Досымов бір әнінде дәл осылай шырқаушы еді. Қазір мұны атыраулықтар күн сайын айтады десек, қателесе қоймаспыз. Өйткені +40С-тан асатын аптап ыстығын айтпағанда, «Жығылғанға жұдырық» дегендей, Атыраудағы ауаның ластануы мен күкіртті сутектің жағымсыз иісі тұрғындардың шағымын тудырып отыр. Тұрғындар әсіресе, түнгі мезгілде ауадан күкірттің иісі шығатынын әлеуметтік желіде жазып-ақ жатыр. Оның үстіне мұнда жасыл желек те жоққа тән.

Былтырдан бері бұл мәселеге Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі назар аударып келеді. Министрлікке қарасты Экологиялық реттеу комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов бұл проблеманы «Су арнасы» компаниясының қаладағы тазартылмаған суларды ағызуымен, сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытының қалдықтарымен байланыстырып отыр. Өткен жылы аталған министрлік қабылдаған шаралардан кейін сот арқылы «Су арнасы» қызметі мен шығарындылары тоқтатылған болатын.
– Қаладағы ауаны ластау мәселесін Атырау қалалық әкімдігінің тазарту нысандарын салу жөніндегі жобасын жүзеге асыру арқылы шешу керек. Дегенмен бұл жоба кешеуілдеуде. Қазір Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ағын суларға жауап беретін компанияларды, соның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытын тексеруді бастайды. Жергілікті әкімдік «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп, арнайы келісімге сәйкес, күкіртсутегі булары пайда болатын қаладағы төгінді жинақтағыштарды қалпына келтіруді қолға алуы керек, – дейді Экологиялық реттеу комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов.
Оның мәліметіне қарағанда Атырау қаласында «Тухлая балка» тұрмыстық қалдықтарды буландырғышы орналасқан. «Су арнасы» компаниясы арқылы 80%, мұнай өңдеу зауытынан 20% қоқыс шығарылады. Іс жүзінде жинақтағышқа қала аумағынан шығарылатын төгінділер тазартылмай жиналады. Соның нәтижесінде күкіртсутектің негізгі көзі 1000 га жер пайда болады. Онда органикалық заттардың ыдырау процестері – ағынды сулар, соның ішінде мұнай өнімдері де кездеседі. Жағымсыз иіс қалада жел соқпаған кезде, сондай-ақ ауа температурасы жоғарылағанда сезіледі. Міне, осы кезде тұрғындар тарапынан шағым көп түседі.
– Әкімдік жаңа тазарту нысанының құрылысын салу бағдарламасын әзірледі. Осы жобаға қаражат алды. Бірақ жоба құрылысы кестеден кешігуде. Бұл – көп миллиардтық жоба. Аталған жобаның нәтижесінде тазартусыз төгінділер тоқтауы керек. Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» АҚ мен әкімдік екінші кезеңде өңделген жинақтағыш жерлерді қалпына келтіруі керек. Біз барлық шараларды қолдандық. Нұсқаулар бердік, шығаруға тыйым салдық. «ҚазМұнайГаз» АҚ-мен қалпына келтіруді қаржыландыру мәселесі бойынша меморандум жасадық, – дейді Экологиялық реттеу комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов.
Оның айтуынша, қазір Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеу аясында жұмысын тоқтатты. Бірақ компанияға қатысты тексеру мәселесі қарастырылып жатыр. Өйткені мұнда жанама шығарындылар болуы мүмкін. Ал зауыттың жоспарында тазарту нысандарын салу, ағынды суларды оқшаулау көзделгенімен, мұның барлығы өте баяу жүргізілуде. Енді әкімдікке де, коммуналдық кәсіпорынға да, «ҚазМұнайГаз» АҚ-ға да шара қолданылмақ.
Атырау облысы Экология департаментінің хабарлауынша, ауа бассейнінің ластану фактісі қаладағы ауа сапасын бақылау стансасының мәліметтері арқылы расталыпты. Департамент ауа сапасын бақылау стансасының 12 шілдедегі мәліметтеріне талдау жасады. Станса қаланың атмосфералық ауасындағы күкіртсутегі шекті рұқсат етілген концентрациядан асатынын тіркеген. Ластану көздері – Атыраудың сол және оң жағалауында орналасқан булану алаптары. Сол себептен, департамент қаладағы ауаны ластау фактісі бойынша «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ға қатысты тексеру тағайындалып отыр.
Алайда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, санитарлық-қорғаныс аймағында атмосфералық ауа сапасын бақылайтын төрт станса орнатылған. Мұнда ауадағы ластағыш шығарындыларға бақылау жүргізіледі. Аталған стансаларда 8-9 шілдеде күкірсутегі концентрациясының шекті мөлшерден асуы тіркелмеген.
– Зауытта 1-3 шілдеде қондырғыларды кезеңмен тоқтату жүргізілді. Мұнайды терең өңдеу өндірісінде 15 технологиялық қондырғының жұмысы тоқтатылды. Үш технологиялық қондырғы қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Мұнай өңдеу 14 300 тоннадан 6 мың тоннаға дейін азайтылды. Шілдеде зауытта технологиялық режімнің бұзылуына, атмосфераға ластағыш шығарындылар шығаруға әсер ететін апаттық жағдайлар болған жоқ, – деп хабарлады «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның қоғаммен байланыс бөлімі.
Қорыта айтқанда, Атырауда ауа сапасы нашарлап тұр. Бірақ жансарайыңды ашар жұпар ауаны қай кәсіпорынның ластағаны арнайы тексерістен кейін белгілі болмақ. Ал тұрғындар кешкілік ұйқыға жатып, таңда оянбай қалудан қорқып отыр...
АТЫРАУ
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?
Әлем • Бүгін, 09:08
Спорт • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 09:02
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:01
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:59
Спорт • Бүгін, 08:58
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?
Қоғам • Бүгін, 08:57
Өкпе дертінен өлім-жітім азайды
Қоғам • Бүгін, 08:56
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:52
Жас отбасыларға – баспана сертификаты
Аймақтар • Бүгін, 08:51
Театр • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:48
Қатерлі ісік және қантты сусындар
Қоғам • Бүгін, 08:46
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Экономика • Бүгін, 08:44
Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ
Экология • Бүгін, 08:42
Көзбояушылықпен айналысатын компания
Экология • Бүгін, 08:42
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
Руханият • Бүгін, 08:40
Әдебиет • Бүгін, 08:39
Беларусьпен байланыстың бір белесі
Әлем • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар