Аймақтар • 19 Шілде, 2020

Ақтөбеде пәтер кілттері табыс етілді

285 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні КВИ-мен және вирусты пневмониямен жан аямай күресіп жүрген медицина қызметкерлерінің еңбегіне ешқандай теңеу мен баға жетпейді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбеде пәтер кілттері табыс етілді

Тіпті бүкіл еліміз үшін үлкен сын, өткел бермес асу болып отырған індетпен бетпе бет келу барысында өз бастарын тәуекел мен қауіп-қатерге тігіп жүрген денсаулық сақшылары қаншама.

Сондай-ақ GOVID-19-ты ауыздықтау кезінде нағыз ерлерге тән іс-қимыл танытып жүрген полиция қызметкерлерінің еңбегі де биік бағаға лайықты. Олардың өз қызметіне адалдық танытып жүргені дауылпас ақын Махамбеттің: "Қабырғасын қаусатып, Бір бірін деп сөксе де, Қабағын шытпас ер керек, Біздің бүйткен бұл іске" деген отты жолдары ойға орала береді.

Өткен жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, осындай бүгінгі күннің бір топ қаһармандарына "НұрАқтөбе" шағын ауданында тұрғызылған үйлерден пәтер кілттерін табыс етті. Олардың арасында індетпен күрес кезінде жоғары кәсібилік пен үлкен жауапкершілік таныта білген облыстық клинникалық балалар ауруханасының дәрігер-гемматологы Дәметкен Ерғалинова, Ақтөбе медициналық орталығының дәрігері Әйгерім Түктібаева, медбике Гүлжан Дүйсенғұлова және учаскелік полиция инспекторлары Мейрамбек Жолмағамбетов, Дастан Сұлтанғалиев, Александр Башанов, Ардақ Мыңжасаров және Руслан Наурызбаев секілді өз ісінің майталмандары бар.

Сөз түйінінде "НұрАқтөбе" облыс орталығының іргесіндегі шағын да болса құрылысы қарқынды жаңа аудан екенін айтқан жөн. Айталық тек соңғы екі-үш жылдың аралығында бұл жерден бес мыңға тарта отбасы баспаналы болып пәтер кілттеріне ие болыпты. Онң басым бөлігін бюджеттік сала қызметкерлері құрайды.