Экология • 20 Шілде, 2020

Экология министрлігі стихиялық қоқыстар бойынша жұмыс бастады

570 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның Экология министрлігінің өкілдері Нұр-Сұлтан қаласына жақын жердегі стихиялық қоқыстарға рейд жүргізді. Бұл министрліктің республика бойынша жүргізген ауқымды жүйелі жұмыстарының тек басы ғана, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Мұндай рейдтер бүкіл елде жасалады, - деп Egemen.kz.

Экология министрлігі стихиялық қоқыстар бойынша жұмыс бастады

ҚР ЭГТРМ Экология, геология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов Мемлекет басшысының стихиялық қоқыс үйінділерін жою туралы тапсырмасын орындаудың маңыздылығын атап өтті. Еске салсақ, биылғы 10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөйлеген сөзінде қоғамда барған сайын күрделеніп отырған экологиялық проблемаларды шешудің өзектілігін жеткізді.

"Жыл сайын 5 млн тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Оларды өңдеу көлемі еліміз бойынша тек 15% ғана. Бұл жеткіліксіз. Үкіметке жедел түрде заңнамалық база әзірлеп, "Waste to energy" технологиясын енгізу үшін қолайлы инвестициялық жағдай туғызу қажет, - деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, өткен аптада Экология министрлігі әр өңірдегі стихиялық үйінділер туралы азаматтардан ақпарат жинау үшін жедел желіні іске қосқан болатын. Бүгінде 250-ден аса шағым келіп түсті. Шағымдардың көбі Алматы облысындағы (40 шағым), Алматы қаласындағы (апта ішінде 18 хабарлама), Ақтөбе, Ақмола және Шығыс Қазақстан облысындарындағы қоқыс үйінділері туралы. Үйілген қоқыс туралы ең көп хабар берген Қарағанды (15) және Ақтөбе (14) облысының, сондай-ақ – Алматы қаласының (11) тұрғындары. 

Экология министрлігі хабарлағандай, жыл басынан бері оның тапсырысы бойынша Қазақстанның ірі қалалары мен оның 50 шақырым аумағындағы өндіріс және тұтыну қалдықтарына ғарыштық мониторинг жүргізді. Нәтижесінде, бүкіл ел бойынша 7000-нан астам заңсыз қоқыс орындары анықталды. Ғарыштық мониторинг кезінде министрлік өңірлердегі үйінділерді жоюдың жаңа кестесін құрып, бекіту үшін әкімдіктерге жолдады. Бүгінде бұлардың 18-і жойылды.