Оқиға • 22 Шілде, 2020

Бір тәулікте балаларға қатысты 4 оқиға тіркелген

378 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте 20 шілдеде Алматы қаласында 2018 жылғы бала қайтыс болды. Ал Қызылорда және Қостанай облыстарында 2013 жылғы қыз бала және 2016 жылғы бала жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Көппәтерлі тұрғын үйлерде терезеден балалардың құлаған 3 оқиғасы тіркелді. Барлық жағдайда балалар үлкендердің қарауынсыз қалған және москит торына отырған, деп хабарлайды Egemen.kz

Бір тәулікте балаларға қатысты 4 оқиға тіркелген

Сонымен қатар Түркістан облысының Төле би ауданында жазатайым оқиға болып, онда 2019 жылы туған қыз бала ересектердің қарауынсыз қалып, ыдысына ыстық тосап түсіп, күйік шалған.

Төтенше жағдайлар комитетін ересек адамдардың қарауынсыз қалған  балалардың қаупсіздігі алаңдатады. 

Осылайша, 2020 жыл басынан (21.07.2020ж. жағдайы бойынша) көппәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен 1-8 жас аралығындағы 68 бала құлап кетті. Осы фактілер орын алғанда 6 қаза тапты, ал қалған 62 бала ауруханаларға жатқызылды. 

Оқиға Қарағандыда (13), Нұр-Сұлтанда (13), Батыс-Қазақстанда (6), Алматыда (6), Қызылордада (5), Атырауда (4), Жамбылда (4), Шығыс Қазақстанда (4), Қостанайда (3), Ақмолада (2), Ақтөбеде (2), Павлодарда (2), Алматы облысында (2), Маңғыстауда (1), Шымкентте (1) тіркелді.

Өткен жылы осындай ретпен 2-ден 13 жасқа дейінгі балалардың терезеден құлаған 100-ден астам оқиғасы орын алды.

Балалар үйде болғанда  бірінші кезекте олардың ата-анасына қауіпсіздік қағидаларын сақтау керек. әрбір ата-ана баланың терезеден немесе балконнан құлауының қауіп-қатерін азайтуға арналған шараларды білуі қажет.

  1. Үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз, себебі назарыңызды бірнеше секундқа басқа жаққа аударсаңыз болғаны, ол бала өміріндегі соңғы сәтке айналуы немесе мүгедек болып қалуы мүмкін.
  2. Терезені тиісті қорғаусыз москит торларын қолданбау - балалар сенімді тірек ретінде қабылдай отырып, оларға сүйенуді жақсы көреді, содан кейін олармен бірге сыртқа құлайды.
  3. Баланың өздігінен терезені ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлыпын орнатыңыз.
  4. Баланың терезе астына кірмеуі және төмен түспеуі үшін терезе жанына жиһаз қоймаңыз.
  5. Балалардың терезе алдына шықпауы үшін жиһазды терезеге жақын жерге қоймаңыз.