Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова ағымдағы жылғы 17 шілдеде Минск қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының нәтижесін қорытындылай келе атап өтті, деп жазады Egemen.kz

Мәселен, ЕҮАК отырысының шеңберінде қаралған негізгі мәселелердің бірі өзара саудадағы кедергілерді жою мәселесі болды.
"Тараптардың кедергілерді жою бойынша жүргізіп жатқан жұмысы қолданыстағы тәжірибенің жетілмегендігін көрсетті. Тарап ЕЭК-тің қандай да бір бағалауынсыз кедергіні жою туралы хабарлай алады. Бұл ретте егер басқа тарап мұнымен келіспесе, онда ол ЕЭК-ке қайта өтініш білдіруіне тура келеді. Сондай-ақ қазақстандық тарап кедергілерді жою фактісін ЕЭК Алқасы мақұлдау қажеттігіне бастамашылық етті. Бұл бастаманы ЕҮАК отырысы барысында барлық тарап қолдады", - деп сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова Еуразиялық үкіметаралық кеңестің нәтижесі туралы айтып өтті.
"Жалпы біз әріптестерімізді кедергілерді жою бойынша жұмыста жүйелілікті тәртіпке келтіруге шақырдық. Бұл әсіресе өзара сауда үлесі бар болғаны 14,3% құрағанда маңызды. Мысалға алсақ Еуропалық одақта бұл көрсеткіш 70% құрайды", - деп Кушукова түсіндіріп кетті.
Мәселенің реттелуіне байланысты ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын ресейлік компаниялардың бұуы туралы істі тоқтату мәселесі бойынша талқылау болып өтті.
Жанель Кушукова түсіндіріп өткендей, "атқарылған жұмыстың барысында компромисске қол жеткізе алдық". "Ресей компаниялары "Кентау трансформаторлық зауыты" АҚ-ға өнімді тең және кемсітушіліксіз шарттармен жеткізуге міндеттеме алды. Аталған мәселенің реттелуіне байланысты біз істің тоқтатылуымен келістік", - деп хабарлады СИМ вице-министрі.
Бұрын ЕЭК "Новолипецкий трансформаторный комбинат" ҚАҚ мен "ВИЗ-Сталь" ЖШС қатысты трансшекаралық нарықта бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу мәселесі бойынша тергеп-тексеру жүргізілгенін ("Кентау трансформаторлық зауыты" АҚ өтінішінің негізінде) еске сала кетеміз. Тергеп-тексерудің нәтижесі бойынша 217,6 млн. рубль сомасында айыппұл салу туралы ЕЭК Алқасының № 130 шешімі қабылданды. Бұл ретте ресейлік тарап бұл шешімге "вето" салған болатын.
Сауда шаралары бойынша ЕЭК шешімдеріне "вето" құқығын қолдануды реттеу мәселесін талқылай келе, тараптар тағы да консенсусқа қол жеткізе алмады.
"Біз "вето" құқығы абсолютті болуы тиіс деп санаймыз. Бұл ретте, егер тарап оны пайдалануды шешсе, қандай да бір шарттар болмауы керек. Барлық елдердің экономикалық мүдделерін қанағаттандыратын шешім табылмайынша, Алқаның сауда шаралары бойынша шешімі қолданылмауы тиіс", - деп қазақстандық ұстанымға Жанель Кушукова түсініктеме берді.
ЕАЭО шеңберінде тауарларды таңбалау мәселесі бойынша таңбалауды енгізудің рәсімдік сәттерін реттеуге мүмкіндік беретін өкім қабылданды. Енді тараптар таңбалауды енгізу туралы 3 ай емес 9 ай бұрын хабардар ететін болады.
"Бүгін Тауарларды таңбалау туралы келісімді тиімді жүзеге асыру мақсатында біз хабарлау мерзімін ұзартуды шештік. Қазақстандық тарап таңбалау өзара саудадағы кезекті кедергі болмауы тиіс екенін де атап өтті. Ұлттық таңбалау жүйесі өзара танылуы тиіс", - деп түсіндірді сауда және интеграция вице-министрі.
Сондай-ақ, тараптар ЕАЭО «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне түзетулерді пысықтау үшін жоғары деңгейдегі жұмыс тобын құруға келісті.
"Әрине, біздің халық тек қауіпсіз және сапалы тамақ өнімдерін тұтынуы тиіс. Өнімде денсаулыққа зиянды препараттар болмауы керек. Осыған байланысты біз жұмыс тобын құруды және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы техникалық регламенттің өзгерістерін пысықтауды қолдадық", - деп түсініктеме берді Жанель Кушукова.
Ресей Федерациясында мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселесін талқылау маңызды мәселе болды, оның қорытындысы бойынша ресейлік тарап ЕАЭО мүше мемлекеттерінің уәкілетті органдары берген қорытындының негізінде олардың нарығына қол жеткізу қажеттілігімен келісті.
"ЕАЭО-ны қалыптастыра отырып, біз ЕАЭО елдерінен өнім жеткізушілер үшін мемлекеттік сатып алуда ұлттық режимді ұсыну бойынша міндеттемелер қабылдадық. Алайда, қабылданған Ресей Федерациясы Үкіметінің а.ж. 30 сәуірдегі № 616 және 617 Қаулылары керісінше айтады. Аталған қаулылардың нормалары ЕАЭО туралы шартта бекітілген міндеттемелерге қайшы келеді деп санаймыз. Мысалы қазақстандық кәсіпорындардың қазіргі қатысу деңгейін бізді мүлде қанағаттандырмайды. Сол ресейлік тарап орнатқан кедергілер ЕАЭО мүше мемлекеттері тауарларының мемлекеттік сатып алуға қатысу деңгейінің төмен болуына негізгі себеп болып отыр деп санаймыз", - деп түсініктеме берді Жанель Кушукова.
Тараптар Қазақстанның сериялық өнім сертификатын қолдану мерзімін тағы 6 айға ұзарту туралы ұсынысын қолдады.
"ЕҮАК-тің өткен отырысында тараптар Қазақстанның импорт кезінде баж салығының төмен ставкаларын қолданатын өнімге сериялық сертификатты енгізу бөлігінде қазақстандық бастаманы қолдаған. Пандемия жағдайында ұлттық заңнама мен ақпараттық жүйелерді өзгерту біз болжағаннан әлдеқайда ұзақ мерзімді алды. Сериялық сертификаттарды пайдалану мерзімін ұзарту біздің кәсіпкерлер үшін ЕАЭО бойынша әріптес елдердің нарығына қазақстандық өнімдерді әкелу рәсімін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді",- деп түсіндірді сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова.
2020 жылғы 17 шілдеде Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған қазақстандық делегация кезекті Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысқанын еске сала кетеміз.
Түркістанда төрт бала мен бір ересек адамның денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 21:30
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 20:30
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:06
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар