Аймақтардағы тұрақтандыру қорларында – 33,1 мың тонна, өндіруші кәсіпорындарда – 209,5 мың тонна, қоймаларда – 154,6 мың тонна, сауда желілерінде – 311,4 мың, бәрін қоса алғанда елімізде 708,5 мың тонна азық-түлік қоры бар. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Нұрбек Дайырбеков осылай деді.

Азық-түлік жеткілікті
Вице-министрдің айтуынша, бұдан басқа, 404 млн дана жұмыртқа мен 2,1 млн тонна азықтық бидай бар. 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі ақшалай мәнде 904,1 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,4 пайызға артық.
– Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің 32 түрлі азық-түлік тауарымен қамтамасыз етілуіне аптасына екі рет мониторинг жүргізеді. Бұл мониторинг тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілердің және қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қамтиды, – деді Н.Дайырбеков.
Қазіргі таңда тез бұзылатын азық қоры – бір аптаға, ал ұзақ сақталатын өнімдердің тұтыну мерзімі бірнеше айға жетеді. Салада өндіріс те артып келеді. Қайта өңделген күріш өндіру көлемі – 81,2 пайызға, қайта өңделген және консервіленген көкөніс – 49,3 пайызға, шұжық өнімдері – 24,2 пайызға, ет пен ет-өсімдік консервілері – 11, сары май – 11,4, жарма өндіру – 10,6 пайызға, тазартылған және тазартылмаған өсімдік майын шығару 9,5 пайызға ұлғайды. Қор үнемі жаңартылып, толықтырылуда, сондықтан тапшылық жоқ және болмақ емес.
Биылғы бірінші жартыжылдықта шаруашылықтың барлық санаттарындағы ірі қара мал басы 4,5 пайызға көбейіп, 9 030,9 мың басқа жетті, ұсақ қара мал 2 пайызға көбейіп, 25 млн басты құрады.
22,5 млн гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, алқап көлемі былтырғы көрсеткіштен 238 мың гектарға ұлғайды.
Қазір республика бойынша жалпы сыйымдылығы 1,9 млн тонна болатын 1 249 қойма бар. Халықты маусымаралық кезеңде көкөніспен және жеміспен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы көкөніс сақтау қоймаларын салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру қарастырылған.
Баға неге көтерілді?
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басынан бері орта есеппен 5,7 пайызға көтерілді. Бұл соңғы 5 жылдың сәйкес кезеңдеріндегі орташа көрсеткіштен төмен.
Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлының айтуынша, картоп, сәбіз, пияз, қарақұмық, кант, сары май сияқты азық түрлері 10-20 пайыз аралығында қымбаттады. Оған маусымдық ерекшелік, қарақұмық түсімінің аз болғаны, жыл басынан бері қант шикізатын әкелуге кедендік баж салығының енгізілуі және төтенше жағдай кезіндегі факторлар, сондай-ақ валютаның қымбаттауынан туындаған дүрбелең себеп болды.
– Жаңа өнімнің түсуі, жеміс пен көкөніске сұраныс артып, керісінше сүт пен ет өнімдеріне сұраныс азайғаны, азық-түлікті шығаруға бірқатар шектеу жасалғаны бағаның өсу қарқынын төмендетуге әсер етті. Төтенше жағдай кезеңінде шекті бағаларды белгілеумен қатар бағаны ұстаудың тиімді құралдары «айналым схемасы», «тұрақтандыру қорларын қалыптастыру», ойластырылған логистика және жеткізу тізбегін цифрландыру болып табылады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұру үшін сауда желілеріне жеңілдетілген несиелер беруге жергілікті бюджеттерден 17,42 млрд теңге бөлінді, – деді Азамат Асқарұлы.
Айта кетейік, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тұрақтандыру қорларына 35 мың тонна азық-түлік тауарларын жинаған. Онда 7 мың тоннаға жуық азық-түлік тауарын жеткізуге форвардтық келісімшарттар жасалды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі кейбір азық-түлік тауарлары бағасының өзгеруіне ықпал еткен басқа да мәселелерді тілге тиек етті. Атап айтқанда, өндірістің маусымдық ерекшелігі, сақтау шығындары, делдалдардың көбейгені, өнімнің өзіндік құнына тікелей әсер ететін қызметтер бағасының өсуі, сондай-ақ карантин жағдайында күрт өскен сұраныс сияқты факторларды да назарға алған жөн.
– Мысалы, қазіргі таңда Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, қияр, қызанақ жиналып жатыр. Сәйкесінше, бағасы да төмендеуге тиіс, – деді Н.Дайырбеков.
Өз кезегінде Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының орынбасары Асқар Жаппарқұлов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығында монополияға қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
– Біз барлық баға белгілеу тізбегін, тауарларды сөрелерге жеткізуді талдаймыз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құнына әсер ететін кейбір шектеулер бар. Егер бұл шектеулерді алып тастасақ, онда бұл азық-түліктің соңғы бағасына оң әсер етеді, – деді А.Жаппарқұлов.
Оның айтуынша, қызметтік тексеру нәтижесінде жыл басынан бастап 13 тергеу тағайындалды. Нан, қарақұмық жармасы және күнбағыс майына қатысты 4 тергеу жалғасуда. Азық-түліктің қымбаттауына әсер еткен сөз байласу фактілері расталып, бірқатар компанияларға айыппұл салынды.
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Бүгін, 18:15
Қызылордада экологиялық мәселелерді шешуге арналған жобалар талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 18:03
Технология • Бүгін, 18:02
Қостанайда жылқы өз иесін қатты аяздан аман алып қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:58
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:40
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 17:40
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Бүгін, 17:29
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Бүгін, 17:25
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Бүгін, 17:21
Денсаулық сақтау вице-министрі пандемияда қабылданған шаралар туралы айтты
Қазақстан • Бүгін, 17:20
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Коронавирус: Вакцина ектірген екі адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 17:06
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:04
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Бүгін, 16:54
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Бүгін, 16:52
188 миллиард теңге жымқырған 4 экс-банкирге сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 16:50
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:50
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:44
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Бүгін, 16:42
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
Білім • Бүгін, 16:41
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Спорт • Бүгін, 16:38
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 16:36
Ералы Тоғжанов волонтерлік ұйымдарға қандай қолдау көрсетілетінін айтты
Қазақстан • Бүгін, 16:35
Су добынан жасөспірімдер арасында ел үздігі анықталады
Спорт • Бүгін, 16:31
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:25
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Бүгін, 16:22
«Adaldyq alańy» – қоғамдық бақылаудың драйверіне айналды
Қоғам • Бүгін, 16:16
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Бүгін, 16:00
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 15:55
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Бүгін, 15:45
Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:41
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:40
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Қағаз күйінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 2,5 есеге қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 15:27
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Бүгін, 15:22
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:18
Алматыда «Чупа-құрт» өнімі нарыққа шықты
Бизнес • Бүгін, 15:15
Нұр-Сұлтанда Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Елорда әкімдігінде «Ashyq» қосымшасының артықшылықтары туралы түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:12
Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курорты пайда болады
Туризм • Бүгін, 14:52
Батыс Қазақстанда 85 елді мекенді су басуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Шағын несиелер мен жедел несиелердің тәуекелі өте жоғары
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қазақстан мен Қырғызстан әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:00
Ақылбек Күрішбаев: Селекциялық жұмыспен айналысамыз ба, әлде шет елден тағы да мал тасимыз ба?
Қазақстан • Бүгін, 13:52
Алматы облысында көлік 4 оқушы қызды қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:28
Шарын шатқалында Түркістан сілеусіні видеотұзаққа түсіп қалды
Экология • Бүгін, 13:20
Қыстыгүні де велосипед ұрлаушы шығып отыр
Аймақтар • Бүгін, 13:07
Атырауда қуыршақ театры жұмысын бастайды
Өнер • Бүгін, 12:58
Алматының санитарлық дәрігерлері коронавирус ревакцинациясын жалғастырып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:51
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:39
АӨСШК – Қазақстан сыртқы саясатының жарқын жемісі
Қазақстан • Бүгін, 12:35
Қырғызстан президенті манасшы Баянғали Әлімжанға «Достық» орденін табыстады
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Мәжіліс ЕАЭО-ның темекі өнімдеріне арналған акциздер туралы келісімін ратификациялауды мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 12:26
Түркістан тас жолдарын тазалауға 100-ге жуық техника шықты
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады
Қазақстан • Бүгін, 12:15
2021 жылы Қазақстанда бес ірі өндіріс ошағы іске қосылады
Экономика • Бүгін, 12:13
Грузияға тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады
Қазақстан • Бүгін, 12:10
Атырау жүргізушілері көлікке құятын газ таппай жүр
Аймақтар • Бүгін, 12:01
Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін пәтерлер құрылысы қаржыландырыла ма?
Қоғам • Бүгін, 11:52
Солтүстік Қазақстанның 52 жастағы тұрғыны әйелін ұрып өлтірді
Оқиға • Бүгін, 11:50
Ұқсас жаңалықтар