Бүгінгінің аңшылары аң-құс аулауға жол талғамайтын көлікпен шығады. Қазір оған мүмкіндік мол. Атырауда да солай. Мұнда аңшылар мен балық аулаушылардың облыстық қоғамында 6 324 мүше бар. Аңшылардан түсетін жарна мөлшері аз емес. Мәселен, 2015 жылы 22 461 185 теңге жарна төленіпті. Ал 2018 жылы оның көлемі 42 036 780 теңгеге жеткен. Былтыр қоғамның кассасына 47 807 450 теңге түскен. Демек, жыл сайын жарнадан жиналатын түсімде өсім байқалады. Алайда...

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
«Егеменнің» өңірдегі тілші қосынына мұңын шаға келген аңшылардың пікірінше, олар қоғамның да, өздері төлеген жарнаның да қайырын көрер емес. Өйткені аңшыларды алаңдататын мәселе жетерлік. Бір деректі айтар болсақ, Каспий теңізінің жағалауынан аңшылар үшін төрт учаске бөлінген. Соның бірде-біреуінде аңшыларға қолайлы жағдай жасалмай отыр.
– Аңшылар құстардың ұшып келетін мезгілінде осы учаскелерге барады. Ал біздің қоғам сол учаскелерге вагондар қойып, батпақты, ойлы-қырлы жермен жүруге қолайлы квадроцикл, қажет кезде байланысқа шыға алатындай рация секілді құралдармен қамтуы тиіс. Құстың қай бағытта болатынынан хабардар ететін мамандар болуы керек. Алайда мұның бірін де көрмедік. Тіпті көлік қоятын арнайы орын да жасақталмаған. Әсіресе, күзде нөсер жауын, қатты жел болғанда, ықтасын болар ештеңе таппаймыз. Аңшылардың бірінің көлігі бұзылса, енді бірі ауырып қалса, көмек берер тірі жан табылмайды, – дейді байырғы аңшының бірі Сабыртай Шомиров.
Бұл облыс аумағындағы барлық учаскеге тән болып отыр. Осындай себептен болар, аңшылардың бір тобы алыстағы Қостанай, Ақмола облыстарына сабылады екен. Әрине өңірлер арасы шалғай демесең, қазақ жерінің әр қиырынан да аң-құс аулауға болады. «Бірақ, сол өңірлерде аң аулауға да, демалуға да қолайлы жағдай жасалған. Аң-құсқа шығу үшін арнайы техника бөледі. Қорықшыны қосып береді. Тұрғын жайдың мәселесі де шешілген. Ал бізде неге бұлай емес?», дейді атыраулық аңшылар.
Атырауда мұндай аңшылық базасы жоқ деуге болмайды. Аңшылардың айтуына қарағанда, Қиғаш өзенінің Құрманғазы ауданындағы жағалауында осындай база ашылыпты. Алайда оған жергілікті аңшылардың бас сұғуына мүмкіндік жоқ. Бірақ шетелдіктерге сол базаның аумағынан аң-құс аулауға рұқсат етіледі. Әрине мұндай базаға шетелдік болсын, өзге болсын, аңшылар тегін жіберілмейтіні анық. Басқасын айтпағанда, соңғы екі жылда аталған база аумағындағы аңшылықтан 20 млн теңгеден астам қаржы түсіпті. Тіпті өткен жылы шетел валютасымен түскен табыс та кірістеліпті. Оның көлемі – 52 643 еуро.
Тағы бір мәселе қоғамның жарғысына байланысты өрбіп отыр. Қоғам мүшелері «жарғымен таныспадық, тіпті көрмедік» дейді. Жарғыда қоғам жұмысын жақсартуға қатысты мәселелер қамтылған ба, жоқ па? Мұны да білмейді. «Себебі, жарғыны қоғамның 26 мүшесінен құралған кеңес бекіткен. Ал бұл заңға қайшы. Қоғамды құрған оның мүшелері емес пе? Ендеше, біз неге жарғымен таныса алмаймыз?», деп мұң шағады аңшылар.
Ал Дауылбай Қанатбаев Исатай ауданында 2011 жылдан бері аға қорықшы болып жұмыс істеген. Алайда 2018 жылдың қаңтарында оның орнына басқа адам тағайындалыпты. Ол содан бері нендей себеппен атқаратын міндетінен босатылғанын біле алмай жүр.
– Сол жылы қаңтарда мені қоғамның басқарма төрағасы Асылтек Испусинов Атырауға шақырып алды. «Мөр мен журналды тапсыр. Біз сені резервке ауыстырдық. Енді сенің орныңа басқа адам жұмыс істейді дегенді айтты. Жұмыстан босап қалудың жүйкеге тиер әсері бар ғой. Қандай қателік жібергенімді ойлап, уайымға баттым. Бір айдан соң жүрегіме ота жасалды, –дейді Дауылбай Қанатбаев.
Атырау өңіріндегі аңшыларды алаңдатқан түйінді мәселелердің бір парасы осындай. Олар жоғарыда айтылған жайттардың түйіні тарқатылғанын қалайды. Қоғамның есепшотына түскен кірістің қалай, қайда жұмсалғанын білгісі келеді. Осы мақсатпен қоғамның басқарма төрағасы Асылтек Испусиновтың атына әлденеше рет өтініш жазыпты. Бірақ, басқарма төрағасынан бірде-бір рет жауап алмағанына қамығады.
Мұны қоғамның 26 мүшесі кіретін кеңестің отырысынан да аңғардық. Басқарманың әрі оның жанындағы кеңестің қос тізгінін уысында ұстап келген төраға аңшылар көтерген мәселеге орай дәлелді жауабын бере алмады. Сол себептен, кеңес мүшелері басқарма төрағасын ауыстыру туралы мәселені қозғады. Дәл осы себептен бе, әлде басқалай жайт түрткі болды ма, әйтеуір, басқарма төрағасы А.Испусинов өз еркімен орнын босатуға уәде берді. Оның орнына уақытша төраға сайланды.
Енді бұл қоғамның жұмысы қалай өрбиді? Аңшылардың алаңдаушылығын тудырған толғауы тоқсан түйін тарқатыла ма? Мұны әрине, алдағы уақыт көрсететін шығар. Десек те, аңшылар қоғамның ортақ қазанына теңгемен де, шетел валютасымен де түскен кірістің қайда, қалай жұмсалғанын анықтауға бекініп отыр. Ал оны кім анықтап береді? Кеңес мүшелері ме, әлде тәуелсіз аудит пе?
Атырау облысы
Атыраудың дәрігерлері «Туған жерге мың алғыс!» челленджін ұйымдастырды
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Елордадағы табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары берілді
Қоғам • Бүгін, 15:59
Шымкенттік спортшылар стенд атудан әлем кубогінде қола медальге ие болды
Спорт • Бүгін, 15:51
Шымкентте азаматтар 30 мамандық бойынша тегін қысқа мерзімді кәсіптік білім ала алады
Аймақтар • Бүгін, 15:49
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 15:38
Ақтөбе полициясы пәтер ішіне балкон арқылы кіріп тонаған қылмыскерді ұстады
Қоғам • Бүгін, 15:34
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 15:21
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:20
Үкімет • Бүгін, 15:17
Наурыз айында ел аумағында ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралар кестесі жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 15:01
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері алматылықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Қызылорда облысының әкімі өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына барды
Аймақтар • Бүгін, 14:30
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Елордада табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табысталды
Елорда • Бүгін, 13:50
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Сенаторлар адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша заң жобасын қарайды
Парламент • Бүгін, 13:22
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Бүгін, 13:15
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:11
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Бүгін, 13:00
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Бүгін, 12:53
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 12:48
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:24
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Бүгін, 12:18
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған кездесу өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:13
ГМ-172/10 мекемесінде Ж.Жабаевтың 175 жыл толуына орай мерекелік іс-шара аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Ерлан Тұрғымбаев: Учаскелік пункттер желісін кеңейту керек
Қоғам • Бүгін, 12:07
БЖЗҚ салымшылары жинақтарын интернет арқылы бақылай алады
Экономика • Бүгін, 12:04
Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Нұрлан Нығматулин: Алғыс айту күні - жас ұрпақты мейірімділікке тәрбиелейтін ерекше мереке
Парламент • Бүгін, 11:30
Созақтық полицейлер боранда жолда қалғандарды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
Ертең Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 11:15
40-қа жуық адамды ажалдан арашалаған шымкенттік дәрігер туралы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Алтай Көлгінов бүгінгінің батырларына алғыс айтты
Қоғам • Бүгін, 11:09
Әлем халықтарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар?
Әлем • Бүгін, 10:45
Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» қайта енді
Коронавирус • Бүгін, 10:41
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Қоғам • Бүгін, 10:36
Жандарбек Бекшин дәрігерлерге алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Қазақстанда «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді - А.Цой
Медицина • Бүгін, 10:32
Қазақстанда ломбардтар жабылады
Экономика • Бүгін, 10:30
Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық вирусқа қарсы вакцина қабылдайды
Медицина • Бүгін, 10:27
Алматыда Алғыс айту күніне орай этномәдени бірлестіктердің басшылары ҚХА аллеясын отырғызды
Руханият • Бүгін, 10:26
Келер жылы дәрігерлердің жалақысы қанша болатыны айтылды
Медицина • Бүгін, 10:21
«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Ержан Біржанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:15
Отандасымыз мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy додасында қола жүлдеге ие болды
Спорт • Бүгін, 10:13
Мәулен Әшімбаев: Қоғамда Алғыс айту күні бұқаралық сипатқа ие болып келеді
Парламент • Бүгін, 10:08
Б.Сағынтаев алматылықтарға ынтымақтастық пен өзара көмектері үшін алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Шымкентте отбасылық бизнес дамып келеді
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды
Медицина • Бүгін, 09:50
Асқар Мамин: Береке-бірліктің арқасында алға қойған мақсаттарымызға жеттік
Үкімет • Бүгін, 09:38
Елбасы Алғыс айту күнімен құттықтады
Елбасы • Бүгін, 09:28
Мемлекет басшысы қазақтандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:23
Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні
Руханият • Бүгін, 09:13
Өткен тәулікте 547 науқас қауіпті індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Елімізде бір күнде 622 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 06:59
Өнер • Бүгін, 06:57
Спорт • Бүгін, 06:55
Руханият • Бүгін, 06:53
Спорт • Бүгін, 06:52
Спорт • Бүгін, 06:51
Балалар кітапханасы жаңартылды
Әдебиет • Бүгін, 06:50
Ұқсас жаңалықтар