Қазақстан • 07 Тамыз, 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бір аптада 60-тан астам сотқа дейінгі тергеуді тіркеді

445 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 60-тан астам сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. 4 шенеунік ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысының экс-әкіміне және облыс әкімдігінің өзге де лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізгені белгілі. Осы және өзге де ақпаратпен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бөлісті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бір аптада 60-тан астам сотқа дейінгі тергеуді тіркеді

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аяқталып, №2 Қызылорда қалалық сотына берілді. 

  1. Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Астана АЭК» АҚ-ның (бұдан әрі – АҚ) (Нұр-Сұлтан әкімдігі жалғыз акционер) қаражатын алаяқтық жолымен жымқыру фактісі бойынша АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары, сондай-ақ оның бағыныштылары – Сарыарқа АЭК басшысы және АҚ-ның сату бөлімінің басшысы, 2020 жылы заңды тұлғалардың (сауда және ойын-сауық, бизнес орталықтары және т.б.) шығын ретінде есептен шығарылған электр энергиясын нақты тұтыну көлемін азайту арқылы АҚ-ның 50 миллион теңгеден астам сомасын жымқырды.

Жымқыру схемасы келесідей: заңды тұлғалардың тұтынған электр энергиясы үшін АҚ-ға төленетін қаражаттың 100% -ының 30% -ын АҚ-ның лауазымды тұлғалары пара ретінде иемденген, 50%-ы шығын ретінде есептен шығарылды және 20%-ы АҚ-ға төленді. Осылайша, АҚ заңды тұлғалар тұтынған электр энергиясы үшін төлемнің 80% алған жоқ.

АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары мен АҚ-ның сату бөлімінің басшысы ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала тергеу жалғасуда.

Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданады.

Тергеу мүдделеріне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді. 

  1. Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, 2020 жылғы 1 тамызда жанар-жағармай материалдарын заңсыз иемдену арқылы мүлікті жымқырғаны үшін күдікке ілінген Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 52859 әскери бөлімі өңірлік қолбасшылығының орынбасарын ұстады.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, тергеу мүдделеріне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, тергеу мүдделеріне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. 

  1. Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша «БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру бойынша 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 млн. теңгеден астам сомадағы аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын 2019 жылы тамыз бен желтоқсан айлары аралығында мердігер ұйыммен сөз байласып жымқырған. 
  1. Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Рудный қаласы әкімдігінің Рудный қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.

Ол Рудный қаласы әкімдігінің «Балалар мен жастарды дамыту және шығармашылық сарайы» ҚМКМ ғимаратын қайта жаңарту» объектісінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы келісім шарт бойынша кәсіпорынның атына қаражатты заңсыз аудару арқылы 4 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. 

  1. Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі асыл тұқымды ірі қара малдың жем-шөп құнын арзандатуға ауылшаруашылық тауар өндірушісіне заңсыз субсидия беру арқылы 2019 жылы 54 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жұмсау фактісі бойынша «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.

Кінәнің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. 

  1. Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Степногорск қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мемлекеттік мекеменің инспекторы тауарлардың міндетті ілеспе құжаттарынсыз етті (ірі қара мал, жылқы еті, шошқа еті) кедергісіз базар аумағында сату үшін кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде 2-11 мың теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінді.

Пара беру фактісі бойынша жоғарыда аталған кәсіпкерлерге де қатысты сотқа дейінгі тергеулер тіркелді. 

  1. Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қостанай қаласы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар жер телімінің нақты бағасы 37 084 336 теңге бола тұра, 4 524 607 теңгеге дейін арзандатылған бағаға ауданы 1,8804 га жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша заңсыз аукцион өткізуде кәсіпкерге тиімділік беру мақсатымен қызмет бабын асыра пайдаланды деп күдіктеледі. Мемлекетке келтірілген шығын 32 107 268 теңгені құрады. 

  1. Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «БҚО Қаратөбе ауданының білім бөлімі» ММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып, ірі көлемде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар 2020 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде мердігерлік ұйымның бір топ адамымен бірлесіп, 100 дана ноутбук сатып алуға бөлінген 6 млн теңгеден астам сомадағы ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырды.

Жоғарыда аталған істер бойынша күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен аяқталған істер бойынша сот үкімдері

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрын аяқталған қылмыстық істері бойынша 20 адамға қатысты 18 айыптау үкімі шығарылды.

Сот үкімі бойынша бас бостандығынан 2 адам айырылды, 3 азаматтың бас бостандығы шектелді, 15-сіне айыппұл салынды, айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 62 млн теңгені (61 842 500 теңге) құрады. Түрлі деңгейдегі 7 басшы сотталды. 

  1. 2020 жылдың 27 шілдесінде Түркістан қалалық сотының үкімімен Түркістан облысы Мәдениет басқармасының басшысы Н.Е. Исабек және осы басқарманың бөлім басшысы Д. Абдуллаева әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Исабек Түркістан облысының «Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» МҚКК-ға басшы лауазымына тағайындау үшін делдал Д. Абдуллаевадан 700 000 теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.

  1. 2020 жылдың 30 шілдесінде Түркістан облысы Келес аудандық сотының үкімімен Жамбыл ауылдық округінің әкімі Б. Құрманалиев сотталды және оған 12 млн теңге айыппұл салынды.

Ол Жамбыл ауылдық округінің аумағында «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жер учаскесін беру туралы мәселені оң шешкені үшін 400 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді.

  1. 2020 жылдың 30 шілдесінде Шу аудандық сотымен «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысы Б.Ж. Есеев және Шу ауданы әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің мамандандырылған көпсалалы «Ауыз су-Шу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Б.К. Жиенбеков сотталып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен, әрқайсысына 20 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Олар Шу ауданының елді мекендеріндегі су құбыры желілерін ағымдағы жөндеуге арналған 2 млн.т еңге бюджет қаражатын ЖК Г. А. Джунусованың есеп шотына аудару және оларды одан әрі қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы жымқырды деген күдікке ілінді.

  1. 2020 жылғы 3 тамызда Махамбет аудандық сотымен «Атырау облысы Махамбет ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің басшысы М. Ершиков мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен, 5 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Ол Махамбет ауданының жеке кәсіпкерлерінен «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген аудан халқын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша шығындарды субсидиялау аясында орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою үшін бірнеше рет 145 мың теңге пара алғаны және Атырау облысы әкімдігі басшылығымен кездесу ұйымдастыру үшін қаржылық көмек көрсету сылтауымен 160 мың теңге сомасында ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені үшін күдіктелген.

  1. 5. 2020 жылғы 6 тамызда Қорғалжын аудандық сотының үкімімен «Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы Қорғалжын ауылының Агротехникалық колледжі» МКҚК директоры А. Қоспанов сотталып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол қызметтік жалғандық жасау және қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану арқылы 3 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.  

Сотталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сонымен қатар, лауазымды тұлғаларға пара беру фактісі бойынша – 10 адам, алаяқтық фактісі бойынша – 2 адам және қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша – 1 адам сотталды.