Абай • 10 Тамыз, 2020

Қаз-қатар қарасөздер

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абайдың өлмейтін, өш­пей­тін өлеңдеріне қоса, қарасөз­дерінің өзі бөлек бір әлем, құн­ды қазына. Өзге емес ең алдымен өзінің қазағына қарата айтылған бұл жазбалардың тәлімдік-тағылымдық рөлі мен ықпалы өте жоғары. Абай заманы мен данышпан өмір сүрген ортадан бізді ғасырдан артық уақыт бөліп жатса да, оның қарасөздерінде айтылған ойлар мен тұжырымдар мәні мен маңызын жойған жоқ.

Қаз-қатар қарасөздер

Бұдан бұрын Абайдың қарасөздерін тұрғындар жаяу серуендейтін арбаттар мен кө­шелерге іліп, орнатып қойса ғой, шіркін, әр қазаққа ой салар еді, сөйтіп «жаман әдет­тен жирендірер» еді деген ойлар да келетін. Іс басын­да жүрген ақтөбелік азаматтар осы ойымызды оқып қой­ғандай көрінді.

Мәселенің мәнісі мынада. Абай даңғылы Ақтөбе қа­ласының қақ ортасында орна­ласқан. Ені кең пішілген келісті көшенің екі жақ қапталы жеңіл автокөлік қозғалысына лайықталса, мұндағы ат шаптырым арбаттың ортаңғы бөлігі жаяу жүргіншілер серуендеп дем алатын орын ретінде жасақталған. Мұндағы гүлзарлар мен аспанға шап­шыған су бұрқақтар, мемле­кеттік рәсімдерге арналып тұр­­ғызылған тұғыр көше кел­бетін көріктендіре түскені кәміл.

Ал таяуда Абай даңғылы­ның бойынан Абайдың қара­сөздері өрнектеліп жазылған тақта­лар қаз-қатар бой түзеді. Бүгінде ұлттың бойтұ­ма­рына айналған данагөйдің бірінші қарасөзі жазылып, орнатылған тұста оның ескерт­кіші де ашылмақ. Бұл рәсім тамыз айының соңғы аптасына белгіленген. Ұлы ақынның өзі айтқандай «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай» дегеніміз сірә осындай-ақ болатын шығар.

 

АҚТӨБЕ