Аймақтар • 10 Тамыз, 2020

Шығыс Қазақстанда Абай күні аталып өтуде

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іс-шаралардың басым бөлігі індетке байланысты онлайн түрінде ұйымдастырылады.

Шығыс Қазақстанда Абай күні аталып өтуде

Бүгін – Абай күні.

Атаулы датаға орай ақынның туған жері – Шығыс Қазақстанда бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған. Ескерте кетер дүние, іс-шаралардың басым бөлігі індетке байланысты онлайн түрінде ұйымдастырылады. Мәселен, Семейдегі «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорығында «Абай және ХХІ ғасыр: болашақпен сұхбат» атты халықаралық конференция өтеді деп жоспарланған. Жиынға танымал ғалымдар, абайтанушылар, Ресей Федерациясы Əдебиет академиясының академигі Г.Пряхин, түрлі мəдени жəне ЖОО басшылары қатыспақ.

Сонымен қоса тəулік бойы интернет арқылы Абай қорық-музейіне, «Абай-Шəкəрім» кесенелеріне видеоэкскурсия жасауға, Абай музейіндегі экспонаттар жайындағы түрлі бейнебаяндарды тамашалауға болады.

Абай күніне орай облыс әкімі Даниал Ахметов Семейге арнайы барып, қаладағы зиялы қауым өкілдерімен бірге ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Осындай шара Өскемендегі һәкім ескерткішінің алдында да өтіп, шаһардағы зиялы қауым өкілдері мен «Алтай асу» қоғамдық бірлестігінің мүшелері данышпан рухына тағзым етті.

Шығыс Қазақстан облысы