Көбіміз қара жұмыстың адамын игі жақсылардың, зиялы делінетіндердің қатарына қоса бермейтініміз бар. Бірақ олардың арасында да көңіл көзі ашық, ой-санасы биік, әйтсе де онысын білдіре бермей, тек мәдениетімен аңғартатындар аз емес. Өткен ғасырдың еңбек адамдарының болмысы бөлек болды. Олар дархан далада да, қым-қиғаш тірліктегі қалада да өздерін көрсете білді. Қазақ даласының қырандай самғаған ХХ ғасырдағы бір қызы Кәмшат Дөненбаева еді. Ол Мәскеудің төрінде де, өз Отанымыздың киелі орындарында да кемелдік көрсетіп: «Шіркін, болмысына ақылы сай, қазақ қызы-ай!» дегізген.

Таяуда өткен «Нұр Отан» партиясының ХV съезінен кейін Кәмшат Дөненбаева теледидарға сұхбат беріп тұрып, ауылға, оның ішінде ішер ас, киер киімнің өзегі саналатын байтақ даламыздағы қызу еңбекке жастардың бел шешіп келіп, араласа бермейтінін айтты. «Біз жүргізген комбайн мен бүгінгі астық оратын техниканың арасы жер мен көктей. Қазір шаң жұтпайсың, қолыңды кір шалмайды. Бәрі компьютерленген. Кейде соның рөлінде отыратын адам табылмай жатады. Осыны ойластырсақ ұтылмас едік», деді.
Шынында, біз ауылға барған мұғалім мен дәрігерді көп айтамыз. Ал ауыл шаруашылығына құлшынған жастар бар ма? «Қайдасың, ХХІ ғасырдың Кәмшаты?!» десек еш артықтығы жоқ секілді. Бұл қасиетті де киелі қазақ жеріндегі ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, жастардың бойындағы патриоттық рухты оятып, ұлт тамырын бекіте түсер еді.
Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан».