Спорт • 18 Тамыз, 2020

«Интер» – «Шахтер» 5:0! Миландық команда «кеншілерді» ойсырата жеңді

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түнде Еуропа лигасының жартылай финалдық ойындары аясында Италияның «Интер» командасы Украинаның «Шахтер» командасын 5:0 есебімен жеңіп, турнирдің финалына шықты.

«Интер» – «Шахтер» 5:0! Миландық команда «кеншілерді» ойсырата жеңді

Қатарынан он ойында жеңіліс көрмеген Миланның «Интер» командасы бұл жолы да жеңісті жолын жалғастырды. Жартылай финалға дейін кездейсоқ жетпегенін көрсетті.

Бірінші таймда Лаутаро (19 мин.) есеп ашса, екінші кезеңде Данило Д'Амброзио (64 мин.) есепті еселеді. Араға 10 минут салып Лаутаро дубль авторы атанды. Ойынның 78 және 84 минуттарында Ромелу Лукаку «Шахтер» қақпасына екі доп соғып, есепті 5:0-ге жеткізді.

Статистика

«Интер» – «Шахтер» 5-0

Допты иелік ету – 43% – 57%; соққы – 12:5; дәл соққы – 9:1; бұрыштама – 4:1; офсайд – 4:0; сары қағаз – 0:1; ойыншы алмастыру – 5:2.

«Интер»: қақпашы – Ханданович (капитан); қорғаушылар – Бастони, Де Врей, Годин; жартылай қорғаушылар – Янг, Гальярдини, Брозович, Барелла, Д'Амброзио; шабуылшылар – Лаутаро, Лукаку.

«Шахтер»: қақпашы – Пятов; қорғаушылар – Додо, Кривцов, Хочолава, Матвиенко; жартылай қорғаушылар – Антонио, Степаненко, Марлос, Алан Патрик, Тайсон; шабуылшы – Мораес.