
Ал санаулы күндерден кейін басталатын жаңа оқу жылында 426 мыңнан астам бала білім бұлағына бас қоймақ. Демек, Жетісудағы оқушы саны өткен жылмен салыстырғанда 16,6 мың балаға өсіп отыр. Ал 1 сыныпқа 48 мың бала қабылданады екен. Еліміздегі эпидемиялық жағдайға байланысты балаларды төрт бағытта оқыту жоспарлануда. Яғни, оқушылардың 70 пайызы немесе 299 653 оқушыға білім беру платформасы интернет желісі арқылы жүргізіліп, оқумен қамтылатын болады. Ал 20 пайыз немесе 84 471 оқушы "Аль-Фараби" "Еларна" республикалық телеарналары мен облыстық "Жетісу" телеарнасы арқылы білім алмақ. Бұдан бөлек, шалғайдағы елді мекендерде орын тепкен шағын жинақты 138 мектепте санитарлық талаптарға сәйкес оқыту жүргізілемек. Нақтысы, облыс бойынша 7721 немесе 2 пайыз оқушы штаттық режимде оқиды. Сондай-ақ, ата-аналардың өтініші негізінде 5214 кезекші сыныптар ашылып, бастауыш сыныптарда 34 792 бала білім алатын болады.
Биылғы оқу жылында Жетісу жеріндегі мектеп саны да көбеймек. Қазір мемлекет қолдауының арқасында облыста 32 білім нысанының құрылысы жүруде. Оның ішінде 23 мектеп бар. Әрі 4 жатақхана салынуда. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде жалпы сомасы 27 млрд теңге болатын 1500 орындық тағы 6 мектептің құрылысы жоспарланған. Осы тізімдегі қаласында 288 орындық жатақхананың, Қарасай ауданы,Әйтей ауылындағы 1200 орындық мектептің, Кеген ауданы, Саты ауылындағы А.Түркебаев атындағы мектептің спорт және мәжіліс залдары мен ас әзірлейтін бөлігінің құрылысы ендігі толық аяқталды. Ал 1 қыркүйекте аймақта су жаңа 6 мектеп есігін айқара ашпақ. Атап айтқанда, Жамбыл ауданы, Жайсаң ауылындағы 2600 орындық білім ошағы, Іле ауданы, Түймебаев ауылындағы, Қарасай ауданың Шамалған стансасы мен Әйтей ауылындағы, Кербұлақ ауданы, Қосағаш ауылындағы, Көксу ауданының Қызылтоған ауылындағы мектептер пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін Жамбыл ауданының Қасымбек ауылында және Ескелі ауданының Абай ауылында 480 орындық 2 мектептің құрылысы аяқталады. Сөйтіп, Жетісудағы жаңа мектеп саны биыл сегізге жетпек.
Айтпақшы, облыс бойынша 91 743 оқушы қашықтан білім алу үшін компьютерлік құралдарға мұқтаж екен. Демек жұрт көңілінде "Қашықтан оқуға қаншалықты дайынбыз?" деген заңды сауал туады. Осы сұрақты облыс әкіміне жолдаған едік. Мәлім болғандай, әкімдік мәселені шешуге білек сыбана кіріскен. Әсіресе, аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларды компьютерлік техникамен қамтамсыз ету мақсатында қосымша 75,6 мың компьютер сатып алынып, уақытша пайдалануға берілмек екен. Сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін 12,5 млрд. теңге қаралған. Қосымша мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында 20 мың компьютер сатып алынуда. Бұл іске меценаттар да көмек көрсетуге ниет білдіріп отырған көрінеді. Мәселен "Жас архитекторлар мен құрылысшылар" қоғамдық қоры облыстың аз қамтылған отбасылардың балалары үшін 150 компьютер құралдарын тегін бермек.
- Облыстағы санитарлық эпидемиялық жағдайға байланысты биылғы жаңа оқу жылы қашықтықтан оқыту форматында басталады. Бірақ қашықтан оқыту жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу ісіне ешқандай кедергі болмауы тиіс. Ол үшін біз барлық қажетті жағдайларды жасадық. Штаттық режимде білім беретін мектептерде қатаң санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Кіре берістерде залалсыздандыру төсеніштері, тепловизор, санитайзер және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатқа 226,9 млн теңге қаржы қаралған. Сондай-ақ, оқушылар мен мұғалімдердің компьютерлік құралдарға қажеттілігіне, сонымен қатар, интернет желісі тартылған елді мекендерге қатысты да мониторинг жүргізілді. Облыста компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген оқушылар үлесі 61 пайыз яғни 242,7 мың шамасында. Ал мектептердегі 23 678 компьютер балаларға уақытша пайдалануға беріледі. Ал аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларды компьютерлік техникамен қамтамсыз ету мақсатында қосымша 75,6 мың компьютер сатып алынып, уақытша пайдалануға беріледі. Қазір сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін 12,5 млрд теңге қаралған. Оған қосымша мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында 5 млрд теңгеге 20 мың компьютер сатып алынады, - дейді облыс әкімі Амандық Баталов.
Әрине, осы жерде білім саласындағы цифрландыруға қатысты мәселеге назар аудару қажеттігі күн тәртібіне шығады. Қазір Алматы облысындағы білім беретін 41 625 мұғалімнің 96,4 пайызы жаңа технологияны толық меңгерген екен. Яғни, ұстаздардың компьютер мен интернетке қол жетімділігі осы шамада. Ал 3,6 пайыз мұғалімге бұл арман болып отыр. Және облыста 498 пәін мұғалімі жетіспейді екен.
- Цифрландыру бағыты бүгінгі даму процесіне ерекше әсер етіп отыр. Бұл талап қазіргі жағдайда барлық салаға енгізілуде. Соның ішінде білім беру саласы да бұл жұмыстан тыс қалған жоқ. Bilimland.kz цифрлы ресурсы облыстағы 737 мектепте қолжетімді. Кең жолақты интернетке 752 мектеп, "Күнделік" жүйесіне 704 мектеп қосылған. Ал облыстағы 732 елді мекеннің он тоғызында интернет желісі жоқ. Жаңа оқу жылында аталған ауылдарда тұратын 886 оқушының ішіндегі 730 бала телеарна арқылы білім алып, қалған 156 бала штаттық режимде оқымақшы. Интенеттің қол жетімділігі де назардан тыс қалған жоқ. "Қазақтелеком" компаниясы арқылы 98 мектептің интернет жылдамдығы 4 Мбит-тен 8 Мбит-ке дейін ұлғайтылмақ. Сондай-ақ, интернет желісіне қосылу үшін оқушыларға 43 мың роутер құрылғысын сатып алу жоспарланып отыр. Жалпы облыста жаңа оқу жылында балаларды компьютер және интернет желісімен қамту мәселелерін шешу үшін барлық жағдай жасалуда, - дейді облыс басшысы Амандық Баталов.
Қалай болғанда да қашықтан оқу шалғай аудандарға оңай болмайтын түрі бар. Әсіресе, білім алуға қажетті құрылғылармен қамту және интернет байланысының нашар болуы ауыл ұстаздары мен оқушыларына сын болғалы тұр. Өкінішке қарай, дәл осы мәселе Алматы қаласының іргесіндегі Іле ауданын аумағындағы мектептерде де кездесіп отыр. Мәселен, Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты № 44 орта мектептің мұғалімдері ерекше алаңдаулы. Өйткені, бұл мектепте негізінен саяжай тұрғындарының балалары білі малады екен. Әрі бала саны жоғары. Мектеп 600 орындық болғанымен, оқушы саны екі мыңның үстінде екен.
- Жаңа оқу жылында оқушы саны 2600 балаға жетеді отырмыз. Қазір 1- сыныпқа 355 бала онлайн өтініш білдірді. Жаңа оқу жылында мектепте 145 бала кезекші сыныпта оқуға өтініш білдірді. Нақтылап айтсақ, 1-сыныптарда 130 бала, 2-сыныптарда 15 бала кезекші сыныптарда оқитын болып отыр. Ал қалған оқушылар қашықтан оқиды. Қашықтан оқитын оқушылар үшін саяжайлардағы интернет байланысының нашарлығы қиындық туғызуда. Мектептен көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына компьютер берілуде. Алайда, интернет нашар болса, компьютерден не пайда? Кезекші сыныптарға кабинеттер дайындалып, мұғалімдер бекітілді, - дейді мектеп оқу ісінің меңгерушісі Ақылбек Солтанқұлов.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.
Дзюдошылар Алматы облысында жаттығуда
Спорт • Кеше
Елордада саябақтар салу қалай жоспарланады
Елорда • Кеше
Сабыржан Аққалықов бас жүлдені олжалады
Спорт • Кеше
Елнұр Сүйінбай да финалда ұтылды
Спорт • Кеше
Ерболат Сабыр күміс медальді иеленді
Спорт • Кеше
Қазақстанда 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылды
Қоғам • Кеше
Санжар Ташкенбай әлем чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдар форумы өтті
Қоғам • Кеше
Ескекшілер Азия чемпионатына даярлануда
Спорт • Кеше
Алматыдағы МӘМС-те қанша адам сақтандырылмаған?
Медицина • Кеше
Шығыс Қазақстан халқы қас батырын еске алды
Аймақтар • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады
Елбасы • Кеше
Қоғам • Кеше
Аида Балаева халық алдында есеп береді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында бетон шығаратын зауыттың іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Бас мүфти жетім балаларға жәрдемдесті
Қоғам • Кеше
Сенат Төрағасы Ресей Елшісімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Президент отандық вакцина өндірісін арттыруды тапсырды
Президент • Кеше
Пара алған шенеунік 72 млн теңге айыппұл төлемек
Қоғам • Кеше
Атырауда жолаушылар автобусы аударылды
Аймақтар • Кеше
БҚО-да мәслихат депутаты коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Спутник-V мен Qaz-Vac вакцинасы ауруды қоздыра алмайды – Манар Смағұл
Коронавирус • Кеше
Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізеді
Футбол • Кеше
Тұтынушыны ұрып өлтірген дәмхана иесі сотталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты
Оқиға • Кеше
Жеті боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады
Спорт • Кеше
Елімізде қашан күн жылынатыны айтылды
Ауа райы • Кеше
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Сенаторлар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін талқылады
Парламент • Кеше
Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды
Елорда • Кеше
Жүзушілеріміз Беларусь елінде қос күміс алды
Спорт • Кеше
Nur Otan-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына дайындық барысы талқыланды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады
Президент • Кеше
Ақмола облысы «қызыл аймаққа» қайта енді
Аймақтар • Кеше
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында тағы бір кадрлық тағайындау болды
Тағайындау • Кеше
Мергендер Италияда сайысқа түседі
Спорт • Кеше
Экономика • Кеше
Алматылық санитарлар бюджеттен қаржы жымқырған
Аймақтар • Кеше
Кибералаяқтар СҚО тұрғынын 2 миллион теңгеге алдады
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы сауда үйлердің біріне жарылғыш зат қойылған
Аймақтар • Кеше
Ла-Суфриер жанартауы атқылап жатыр
Әлем • Кеше
АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Қазақстан • Кеше
Президент отандық вакцинаны әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді
Президент • Кеше
Қазақстанда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Биыл мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналасты
Қоғам • Кеше
Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
23 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Бұрымдыларымызға бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
130-ға жуық босқын Жерорта теңізіне батып кетті
Әлем • Кеше
Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар