2020 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 1 миллион 220 мың адамды тарту жоспарланған. Бүгінгі таңда бұл шаралармен 743 мың қазақстандық қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шәпкенов Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елімізде жұмыс істейтін барлық мемлекеттік бағдарламалардың әлеуетін ескере отырып, биыл 1 миллион 220 мың адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту жоспарлануда. Бүгінгі таңда бұл шараларға 743 мың қазақстандық қатысты», – деді Серік Шәпкенов өз сөзінде.
Вице-министр 379 мың адам «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болғанын атап өтті.
«Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 5 800 микрокредит пен 17 200 қайтарымсыз грант берілді. 5 800 микрокредит алушы қосымша 6151 тұрақты жұмыс орнын құрды. 156 мың қазақстандық мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына орналастырылды. Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 130 мың адам бос жұмыс орындарына тұрды. 34,5 мың адам кәсіпкерлік негіздері бойынша қысқа мерзімді оқудан өтті. Қыркүйек айында ҰБТ тапсыра алмаған 20 мыңнан астам талапкер жұмысшы мамандықтары бойынша ақысыз кәсіптік-техникалық оқуға жіберіледі», – деді ол.
Серік Шәпкенов, сонымен қатар, б Жұмыспен қамтудың жол картасы (бұдан әрі – ЖҚЖК) аясында 6,4 мыңға жуық жоба жүзеге асырылып жатқанын, бүгінде 154 мың адамды жұмыспен қамтығанын айтты. Олардың 73%-ы ауылдық жерлерде тұрады, 37%-ы жұмыссыз жастар, 17%-ы бұрынғы бейресми жұмысшылар және 9%-ы табысы аз отбасылардың мүшелері.
«ЖҚЖК жобалары бойынша орташа жалақы 130 мың теңгені құрайды. 154 мың адамның жалақысына шамамен 75 миллиард теңге жұмсалды. Осылайша, 600 мыңнан астам адам, оның ішінде отбасы мүшелері табыс көзімен қамтамасыз етілді. Жобаларға қатысқан кәсіпкерлік субъектілері 370 млрд. теңгеге тапсырыс алды. Әкімдіктермен бірлескен бағалауға сәйкес, 19 мыңға жуық шағын және орта бизнес өкілдері ЖҚЖК жобаларын жүзеге асыруға құрылыс материалдарын сатушы және мердігер ретінде қатысты, кем дегенде 114 мың адам жұмыс орындарын сақтап қалды», - деді вице-министр.
Серік Шәпкенов Жол картасын іске асыру болашақта оң әлеуметтік-экономикалық нәтиже беретіндігін атап өтті.
«Атап айтқанда, білім беру саласындағы 80 жаңа объект авариялық және үш ауысымды мектептер, ауылдық жерлерде білім алуға қолжетімділік проблемаларын шешумен қатар, мұғалімдерге 10 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын ұсынады. Денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм саласындағы 60 жаңа объект 20 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 153 су шаруашылығы құрылысын салу және жаңғырту суармалы және жайылымды жерлердің көлемін едәуір арттырады және ауыл шаруашылығында 77 мың тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз етеді», – деді ол.
Инженерлік желілерді және 8 мың шақырымнан астам қалалық және ауылдық жолдарды жөндеу, 900 елді мекенді абаттандыру әкімдердің халықпен кездесулерінде тұрғындар көтерген мәселелерді шешуге және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жол картасының қаражатын пайдаланып, коронавирустық індетпен күресу үшін 13 жаңа инфекциялық аурухана салынады. Өз кезегінде, оларда қосымша 5 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.
«Жалпы, Жұмыспен қамту жол картасының жобалары 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға негіз болады», – деп қорытындылады Серік Шәпкенов.
Брифинг соңында вице-министр жыл басында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен қол қойылған меморандумдарға сәйкес, 2020 жылы 431,5 мың жұмыс орны ашылуы қажет екенін жеткізді («Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы мен ЖҚЖК қоспағанда). 7 айда 300,2 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 149 мыңы - тұрақты, 135 мыңы - ауылдық жерлерде.
Сонымен бірге, соңғы айларда Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі - ЭЕБ) арқылы жұмыс іздеудегі халықтың белсенділігі артты. Жыл басымен салыстырғанда жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарының саны 8,5 есеге, жұмыс іздеп, түйіндемелерін жариялаған адамдар қатары 8 есеге өскен.
ЭЕБ арқылы 7 айда 333 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың 57%-ы тұрақты жұмыс тапты.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.
«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 21:30
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Берік Әлібай: Ұлттық дәстүрді сақтауға күш саламын
Өнер • Бүгін, 20:31
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Бүгін, 20:26
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Бүгін, 20:23
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Қоғам • Бүгін, 20:20
Досмұхамед Кішібеков: Тарихын таныған ұрпақ Тәуелсіздіктің қадірін біледі
Тарих • Бүгін, 20:17
Теннис • Бүгін, 20:12
Руханият • Бүгін, 20:10
Медицина • Бүгін, 20:07
Әлем • Бүгін, 20:02
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 19:58
Спорт • Бүгін, 19:55
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды
Күрес • Бүгін, 19:35
7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді
Қоғам • Бүгін, 19:15
Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды
Президент • Бүгін, 18:31
Пандемия кезінде жаны күйзелгендер көбейген
Әлем • Бүгін, 17:55
Хоккейшілеріміз әлем чемпионатына даярлануда
Хоккей • Бүгін, 17:16
Қалжыңдаймын деп айыппұл төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматылық жүзушілер алдарына жан салмады
Спорт • Бүгін, 16:15
Төрт боксшымыз ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:00
Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде екі бала зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Атырау және Астрахан облыстарының шекарасында қоршаулар орнатылып жатыр
Қазақстан • Бүгін, 14:50
ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Алматыда тәулігіне індет жұқтырғандар саны 700-ге жақындады
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Маңғыстау облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 12:43
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
Қазақстан • Бүгін, 12:09
Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
Күрес • Бүгін, 11:35
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:00
Алматыдан 181 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Елімізде өткен тәулікте 1806 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Өткен тәулікте 2828 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:45
Қасиетті айда қайырымдылық жасады
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар