«Жаңа коронавирус 2012 жылдан бері адам ағзасына бейімделген болуы мүмкін», дейді вирусолог Джонатан Латэм мен биолог Эллисон Уилсон. Бұл туралы The Sun хабарлады.

Ғалымдар Юньнань провинциясында жарқанаттардың саңғырығынан шахтаны тазартқан кеншілерді емдеген дәрігердің жазбасын оқығаннан кейін осындай тұжырым жасаған. Өйткені кеншілердегі ауру белгілерінің қазіргі COVID-19-дан айырмасы болмаған. Пневмония болып, құрғақ жөтелге булығып, аяқ-қолдары сырқырап, қызулары қатты көтерілген. Шахтерлер өздігінен дем ала алмай, өкпесі жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылып, алты пациенттің үшеуі көз жұмған көрінеді.
Кеншілерден алынған сынамаларды Уханьдағы зертханаға жібергенде олардың атипті пневмонияға ұқсас пневмонияға шалдыққанын анықтаған. Осыған қарап зерттеушілер КВИ сол кездің өзінде адамдар ағзасына бейімделген деген ой айтты.
* * *
Аустралияда бір тәулікте вирустан 25 адам о дүниелік болған және бұған дейін 24 сағатта мұндай дерек тіркелмеген.
17 тамыз күні Аустралия денсаулық сақтау министрлігі 24 сағат ішінде елде ауру жұқтырғандардың саны 289-ға артқанын, ал барлығы 23 576 аустралиялықтан вирус табылып, пандемия жарияланғалы 14 080 пациенттің жазылып шыққанын айтты. Ауруханаларда 680 адам емделіп жатыр, оның ішінде 47 пациент қарқынды ем қабылдап, дәрігерлердің жіті бақылауында.
COVID-19-ды анықтау үшін 5,3 млн тест тапсырылып, көз жұмғандардың жалпы саны 421 адам болған. Әсіресе, Виктория штаты тұрғындары арасында індет шарпуы өзге аймақтарға қарағанда жоғары екен. Жалпы тізімдегі ауырғандардың 17 047-сі викториялықтар болған соң мұндағы карантин 13 қыркүйекке дейін созылған.
* * *
Канададағы Манитоба университетінің ғалымдары таза мақта-матадан тігілген киімдер мен тұмшаға түскен COVID-19 вирусы бір тәулікке жетпей белсенділігін жоятынын анықтаған.
Зерттеушілер түрлі материалдарда – нитрилден жасалған қолғапта, N-95 және N-100 маскада, өте жеңіл, әрі берік Tyvek атты тоқылмаған материалда, пластик және тат баспайтын болатта вирустың қалай тіршілік ететінін 3 апта бойы саралаған. Сонда мақтадан тігілген бұйымдарда вирус тәулікке жетпей құрып кетіп отырғаны белгілі болды.
Иллинойс университетінің ғалымдары да таза мақтадан тоқылған жұмсақ матаның 3 қабаты хирургиялық арнайы қорғаныш киімді алмастыра алады деген тұжырымға келіп отыр. Ал Ресейдің зерттеушісі Станислав Отставнов мақтадан тігілген киімді үйге әкеліп, іліп қойып, бір тәуліктен соң еш қауіпсіз, күмәнданбастан киіп кетуге болады дейді.
* * *
АҚШ вирус шырмауына іліккен елдердің көшін бастап келеді. Пандемия жер жаһанды жаулағаннан бері 170 мыңнан аса америкалық дүние салды.
COVID-19 Батыс жарты шарды тұтастай шыр айналдырып тұр десе де артық айтқандық емес. Ең алдыңғы орында АҚШ, одан кейін Бразилия әлем бойынша вирус шырмауына түскен мемлекеттердің басында тұр. Бір елде 5,4 млн адамның вирус жұқтырғанын көзге елестету қиын болғанымен, алпауыт АҚШ індетпен күресін тоқтатқан жоқ. Аурудан демі үзілгендер Нью-Йорк (32 840 адам), Нью-Джерси (15 912) және Калифорния (11 234) штаттарында көп кездесті.
Мамыр айында Вашингтон университетінің Адам өмірінің сапасы мен ұзақтығын зерттейтін институтының директоры, доктор Кристофер Мюррей АҚШ-та вирус құрбандары 147 мың адамды құрайды деп болжаған еді. Ал бұл долбардың дәл келмегенін бүгінгі жағдай көрсетіп берді.
* * *
Әлемдік өркениет бесігінің бірі көне Үндістан вирус құрсауынан босай алар емес. АҚШ пен Бразилиядан кейінгі үшінші орынға шыққан Үндістанның тұрғындары күніне мыңдап ауру жұқтырып жатыр.
17 тамызда Үндістанда 2 648 353 адам КВИ жұқтырған, 51 059 пациент вирус кесірінен көз жұмып, 8944 адам ауыр хәлде жатыр. COVID-19 жұқтыру көрсеткіші бойынша ең алдыңғы орында – Махараштра штаты, одан кейін – Тамилнад, үшінші – Дели штаты.
Үндістанның фарминдустриясы жақсы дамыған елдердің қатарында екені белгілі. Пандемия жарияланғаннан бері үндістандық ғалымдар індетке қарсы вакцина жасау ісіне кірісіп кеткен-ді. 15 тамыз – Үндістанның тәуелсіздігі мерекесінде ескі Делидің Қызыл қамал мінберінде дәстүрлі құттықтауын айтып, сөз сөйлеген елдің премьер-министрі Нарендра Моди үш түрлі вакцинаның клиникалық тәжірибеден өтіп жатқанын хабарлады. Екпе дайын болысымен қысқа мерзімде өндіріске шықпақ.
Дайындаған
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Бүгін, 20:26
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Бүгін, 20:23
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Қоғам • Бүгін, 20:20
Досмұхамед Кішібеков: Тарихын таныған ұрпақ Тәуелсіздіктің қадірін біледі
Тарих • Бүгін, 20:17
Теннис • Бүгін, 20:12
Руханият • Бүгін, 20:10
Медицина • Бүгін, 20:07
Әлем • Бүгін, 20:02
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 19:58
Спорт • Бүгін, 19:55
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды
Күрес • Бүгін, 19:35
7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді
Қоғам • Бүгін, 19:15
Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды
Президент • Бүгін, 18:31
Пандемия кезінде жаны күйзелгендер көбейген
Әлем • Бүгін, 17:55
Хоккейшілеріміз әлем чемпионатына даярлануда
Хоккей • Бүгін, 17:16
Қалжыңдаймын деп айыппұл төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматылық жүзушілер алдарына жан салмады
Спорт • Бүгін, 16:15
Төрт боксшымыз ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:00
Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде екі бала зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Атырау және Астрахан облыстарының шекарасында қоршаулар орнатылып жатыр
Қазақстан • Бүгін, 14:50
ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Алматыда тәулігіне індет жұқтырғандар саны 700-ге жақындады
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Маңғыстау облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 12:43
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
Қазақстан • Бүгін, 12:09
Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
Күрес • Бүгін, 11:35
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:00
Алматыдан 181 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Елімізде өткен тәулікте 1806 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Өткен тәулікте 2828 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:45
Қасиетті айда қайырымдылық жасады
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Бүгін аруларымыз үш жүлде алды
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар