Иркинчаевтар әулеті елорда маңындағы ауылдардың бірінде тұрады. Отбасында 9 бала бар. Жартысы мектеп пен колледжде білім алады. Балалары интернетпен сабақ дайындау үшін үйдің шатырына шығып оқиды екен. Тек осы жерде ғана ғаламтор желісі бірқалыпты ұстайды. Сабақ оқудағы тілдесудің басты құралы осы ұялы телефон.
Көпбалалы ана Тәжігүл Иркинчаева: "Әлеуметтік қызметкерлер компьютермен қамтамасыз ету бойынша көмектесеміз деді. Алайда, техника қолымызда жоқ. Жуырда әкімдікке барып арыз жаздық. Олар бізді мектепке қажет құрал-саймандармен ғана шығарып салды. Ал компьютер мәселесі белгісіз жағдайда қала бермек", дейді ата-ана.
Нұрсұлтан қаласының ата-аналар қауымдастығының өкілі Татьяна Коршунованың айтуынша, пандемия жағдайында көптеген отбасы табыссыз қалды. Егер табысы қолында болса, олар компьютер сатып алар еді. Кейбір ата-аналар үйлерінде қашықтан істейтіндіктен, балаларына уақыт бөлуден бөлек, компьютерде жұмыс істеу тапшылығы да арта түсетінін қоса кетті.
"Техникалық тұрғыдан қашықтықтан оқытуға біз дайын емеспіз және үш ай ішінде қамтамасыз ету мәселесін шешуге болатын еді. Бірақ депутаттар жаз өте қысқа мерзім деп санайды. Ата-аналар мен саясаткерлер де бір ойда, қазір компьютер оқулық немесе қалам сияқты қажет", дейді әлеуметтік қызмет өкілі.
Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова: "Біздің Конституцияда орта білім тегін деп жазылған. Демек, тегін білім алу үшін оны барлық оқу құралдарымен қамтамасыз ету керек. Егер қазіргі уақытта компьютер оқу құралына айналса, онда барлық студенттерді компьютерлермен жабдықтауымыз қажет. Естеріңізге сала кетейік, оқушылардың 80%-ы интернет-сабақтарды компьютермен немесе теледидар арқылы қашықтықтан оқуды жоспарлап отыр. Осы жағдайда әр өңірдің әкімдіктері балаларды техникамен толықтырып отыруын қадағалауы тиіс. Ең нашар ахуал Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында тіркелген. Бұл аймақтарда студенттердің жартысынан жуығында компьютер жоқ", дейді депутат.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.