Пандемия кезінде мектеп оқушыларының үрейін жеңуге қалай көмектесуге болады? Мен ауырып қалмаймын ба? Ұстаздарым ше? Мен оқитын сынып қалай болады? Бұл сұрақтар әр оқушыны мазаласа керек. Ал бұл жағдайда ата-аналар балаларына қалай көмектесе алады? Бұл сұрақтарға психолог мамандар жауап береді.

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»
Әдетте оқушы үшін ұзақ үзілістен кейін мектепке қайта бару қорқынышты болуы мүмкін. Пандемия себебінен болған кейінгі оқиғалар бұл үрейді, тіпті еселеп жіберді.
Клиникалық психолог және Филадельфия балалар ауруханасының зерттеу нұсқаушысы Муния Ханна биыл мектепке барып оқитын оқушылар індет, микробтан немесе үйге келгенде ата-әжесімен көрісуден қорқатынын айтады. Балалар, сондай-ақ маска тағуды, қашықтық сақтауды ұмытып кетемін-ау деп алаңдайды. Оның үстіне олар көктемдегідей мектеп қабырғасындағы қызықты сәттерді де жіберіп алғылары келмейді.
Психолог мамандар оқушылар мен ата-аналарға мектепке барарда үрейді қалай жеңуге болатынын айтып берді.
Сабырлық танытып, мұқият тыңдау
Дәрігер Ханна, ең алдымен, ата-аналарға сабырға келуге кеңес берді. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары үшін өз үрейін жеңіп, сабырлық танытып, баласына сенімді екенін көрсетуі маңызды. «Адамның сезімі өзгеге оңай беріледі. Сабырлы ата-ана – сабырлы бала», дейді маман. Сондай-ақ баланың қорқынышына құлақ асқан жөн. «Өзіңізді емес, баланы тыңдауға тырысыңыз. Сұрақ қойып, баланың өзі жауап бергенін күтіңіз. Бірден кеңес беріп араласып кетпеңіз. Бұл арқылы көбірек ақпарат алып, мәселені өзінің шешуіне мүмкіндік бересіз», дейді ол. Мәселен, «Досың қашықтық сақтамай, тым жақын келсе не істейсің?», деп сұрауға болады. Психологтың айтуынша, баланы тыңдау арқылы ересек адам оның жағдайды өз бақылауында ұстай алатынына және қолынан көп нәрсе келетініне сенім ұялатады.
Баланың назарын өзі бақылай алатын нәрселерге бұрыңыз
Дәрігер Ханна маска тағу, қолды сабындап жуу, өзге адамдармен қашықтық сақтау секілді қарапайым қауіпсіздік шараларына мән беруге шақырады.
Нью-Йорктегі Колумбия университетінің Ирвинг медициналық орталығының психология профессоры Энн Мари Альбано оқушы вирус жұқтырудан немесе жақындарының ауырып қалуынан қорықса, онда ата-ана отбасы мүшелерінің індет жұқтырмауы үшін қандай әрекеттер жасауы керек екенін түсіндіруі қажет дейді.
Дәрігер Альбано егер мәселе бейсбол маусымының немесе мерекелік кештің болмауы секілді мектептегі шараларға қатысты болса, ең алдымен, ата-аналарды түсіністік танытуға және баланың жағдайға бейімделуіне жәрдемдесуге шақырды. Мәселен, спорттық шара болмайтын болса, топты қауіпсіз жағдайда қалай жинауға болатынын бірге ойластыруға болады.
Тәртіпке бағыну
Майами университетінің психология профессоры Джилл Эренрейх-Мэй баланың уақтылы ұйықтауын қадағалау керек екенін ескертеді. Кеш ұйықтап, ұйқысы қанбай оянған бала мазасыз келеді. Одан бөлек дұрыс тамақтану мен қозғалыс та жас ағза үшін аса маңызды.
Қоршаған ортада өзін өзі ұстауды үйрету
Биылғы оқу жылында балалар үлкен сенімсіздікпен бетпе-бет келеді. Сондықтан уақыт тауып, оларды алдағы жағдайға дайындау керек, дейді дәрігер Эренрайх-Мэй. Маман балаңызды досымен бірге мектептегі жағдайға алдын ала дайындау үшін жергілікті кітапханаға ертіп апаруға кеңес береді. Онда маска тағып кітап оқу, компьютерде жұмыс істеу секілді мектептегі қарапайым әрекеттерді жасап көруге болады. Содан кейін бірге қол жууды ұмытпаңыз. Олар, осылайша қашықтық сақтай отырып бірге сабақ оқуды меңгере бастайды. Маман өзің қорқатын нәрселермен бетпе-бет келуден тұратын бұл тәсілдің мазасыздықты емдеудің ғылыми негізделген әдісі екенін айтады. Яғни бұл – психологияда қолданылатын танымдық мінез-құлық терапиясының маңызды құрамдас бөлігі.
Ал Алабама университетінің психология профессоры Сьюзан Уайт балаларды кішкентай топтарға жинауға болатынын айтады. Осылайша ата-ананың көзінше оқушылар маска тағып, қашықтық сақтай отырып, бір-бірімен араласа алады. Керек болған жағдайда ересектер ескерту айтып, білмегенін көрсетіп жібереді. Сондай-ақ «басқа біреу маскасын шешсе, не істеу керек?» деген секілді кенеттен туындаған жағдайларға да бейімделе бергені жақсы.
Невада университетінің психология кафедрасының меңгерушісі Кристофер А. Кирни ата-аналарға балаларының таңертеңгі тәртібін сабақ басталғанға дейін кем дегенде бір апта бұрын реттей беруге кеңес береді. Ерте оянып, киініп, сөмкені бірге жинауға болады. Маска мен антисептикті салғанын қадағалап, әдетке айналдыру маңызды. Егер мүмкіндік болса мектепті алдын ала көріп қайтқан жөн.
Мамандарды пандемияға дейін де мектепте құрдастарымен тіл табыса алмай, оқуға барғысы келмейтін балалардың жаңа оқу жылында өзін қалай ұстайтыны алаңдатады. Бәлкім, бұл топтағылар мектепке бармай, үйден оқуға болатынын естігенде қуанған да болар. Олар үшін мына жаңа жағдайда қоршаған ортада өзін өзі ұстау мәселесінің маңызы одан сайын артып отыр.
Өзгеріске дайын болу
Оқушылар мен қызметкерлерінен Covid-19 анықталған бірнеше мектеп қашықтан оқытуға көшіп кетті. Ата-аналардың мұндай жағдайға алдын ала дайын болғаны жөн. Колумбия университетінің докторы Альбано ата-аналарға мектеп онлайн оқуға көшкен жағдайда балаларға үйде білім алатын арнайы орын белгілеп, жағдайын жасауды ескертті. Маман кейбір сабақтардың онлайн болып қала бергені дұрыс деген пікірде. Себебі мектеп қайта жабылып жатса, балалар түбегейлі өзгерісті сезбей қалады.
Қазақстанда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 11:09
Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
23 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
Бұрымдыларымызға бас жүлде бұйырмады
Спорт • Бүгін, 10:31
130-ға жуық босқын Жерорта теңізіне батып кетті
Әлем • Бүгін, 10:30
Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 10:09
Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны алғаш рет төлқұжат алды
Қоғам • Бүгін, 09:55
Елордада жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 09:53
Энтони Блинкен: АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Саясат • Бүгін, 09:41
Қазақстанда 32 адам коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:35
Петропавлда есірткі зертханасы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
2 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:19
Теңіз жаяу әскерлері жас сарбаздармен толықты
Қоғам • Бүгін, 09:18
Төрт боксшымыз бас жүлде үшін таласады
Спорт • Бүгін, 09:09
Елімізде бір тәулікте 2307 адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өскемен, Семей, Аягөз – «қызыл аймақта»
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Қыран қанатында қалықтаған жыр
Руханият • Бүгін, 08:43
Руханият • Бүгін, 08:39
Электронды коммерцияны дамытуға бағытталған жоба
Экономика • Бүгін, 08:36
Қайырымды істер марафоны жалғасуда
Руханият • Бүгін, 08:33
АҚШ климаттың жылынуына алаңдаулы
Әлем • Бүгін, 08:30
Индонезияда сүңгуір қайық жоғалып кетті
Әлем • Бүгін, 08:29
Жаңа терминал инвестициялық әлеуетке серпін береді
Экономика • Бүгін, 08:25
Мемлекет кепілдігімен кәсіп ашқан ана
Қоғам • Бүгін, 08:21
Руханият • Бүгін, 08:15
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 08:12
Спорт • Бүгін, 08:10
Тарих • Бүгін, 08:08
Бокс • Бүгін, 08:06
Руханият • Бүгін, 08:02
Саясат • Бүгін, 08:00
Тәуелсіздік тірегі – ел бірлігі (Ынтымақ – бұзылмайтын қорған, бірлесе еккен ағаш – орман)
Қазақстан • Бүгін, 08:00
Алаш топырағындағы алтын тарих
Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:00
«Хайлайт» сынында бет қаратпады
Оқиға • Бүгін, 07:59
Көкейкесті мәселелер – сенаторлар назарында
Парламент • Бүгін, 07:57
Аймақтар • Бүгін, 07:52
Қоғам • Бүгін, 07:51
Ақтөбеде «жол жыры» қайта басталды
Қоғам • Бүгін, 07:48
Қоғам • Бүгін, 07:47
Аймақтар • Бүгін, 07:40
Жаппай вакциналау алгоритмі жасалды
Медицина • Бүгін, 07:35
Әлем • Бүгін, 07:32
Репродуктивтілік мәселесімен жүгінгендердің жартысы жастар
Медицина • Бүгін, 07:25
Аймақтар • Бүгін, 07:24
Өз вакцинасын әзірлеген әлемдегі бес елдің қатарындамыз
Қазақстан • Бүгін, 07:20
Тіл мен тарих – халықтың қос қанаты
Оқиға • Бүгін, 07:17
«Ясауи ізімен» экспедициясының көкжиегі кеңейеді
Руханият • Кеше
Тариф тұрғындарды тығырыққа тіремеуі тиіс
Қазақстан • Кеше
Ресей президентінің кезекті жолдауы
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Президенттік институт – пәрменді билік
Елбасы • Кеше
Өзегіне ұлт мінезі ұялаған «Салтанат»
Өнер • Кеше
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
Тоқішек пен тікішек обырларына шалдыққандар неге көбейді?
Медицина • Кеше
Екпе салдырушылар саны артып келеді
Аймақтар • Кеше
Дәрігерге «құрылысшы» киімі сатып алынғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
АҚШ санкциясы Қазақстанға әсер ете ме?
Қазақстан • Кеше
Ақтоғайдан Алматыға, одан кейін Бордо...
Спорт • Кеше
Қоғамдық кеңестердің өкілеті едәуір артады
Қазақстан • Кеше
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Семейде 18 мектеп карантинге жабылған
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар