Қоғам • 01 Қыркүйек, 2020

Билеттерді электронды түрде сату қаржыны үнемдейді

400 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттерін сату про­цесін дәстүрліден электронды форматқа трансформациялау жылына 1,5 млрд теңге үнемдейтінін көрсетті.

Билеттерді электронды түрде сату қаржыны үнемдейді

«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауын­ша, 2014 жылы басталған «Мо­биус» фискалдандырылған ком­пьютерлік жүйесі базасында элек­тронды билет технологиясы, соның ішінде «Адал жол» жо­балық офисінің ұсынысы бойынша кезеңімен енгізілген еді. 2014-2020 жылдарға арналған е-форматта билеттер сатуға өту есебінен ұлттық тасымалдаушы үшін шығыс бөлігі айтарлықтай төмендеді. Оңтайландыру сонымен қатар қымбат тұратын бланк­терден бас тарту есебінен де орын алды. Мамандардың айтуынша, сатуды трасформациялаудың бас­ты мақсаты – сату арналарын кеңейту есебінен сервисті арттыру, «Күту парақшасы» бойынша билеттерді сатып алу мүмкіндігі, орындар туралы мәліметтердің айқындығын қамтамасыз ету және қосымша функционалдарды ұйымдастыру. Бұл ретте, веб-билет қолдан жасаудан қорғалған және іссапарға шыққан адамдар үшін бухгалтерияға ұсынуға өте ың­ғай­лы. Сондай-ақ барлық деректер электрондық мәлімет базасында сақталуы артықшылық береді әрі қағаздың жоғалуы жолаушыға қауіп төндірмейді.

Билет формасы халықаралық стандарт бойынша құрылған, онда әуе билетіндегі сияқты арнайы штрих-коды бар, жолсерік оны көріп жолаушының заң­ды екенін анықтайды және отыр­ғызуды жүргізеді. Элек­тронды билеттен­дірудің жаңа жүйесіне толық өту 2019 жылдың 1 шіл­десінен бас­тап жүзеге асырылды, қарбалас күндері «күту па­рақшасы» бо­йын­ша кезекке тұру тәртібімен би­леттерді сатып алу, тұрғындар үшін сатып алу жағдайларын жақ­сар­туға мүм­кіндік берді.

– Жол жүру құжаттарын сату­дың жетілдірілген электронды жү­йесі сондай-ақ қолдан жа­сал­­ған билет жетіспеушілігін құ­ру тәжі­рибесін төмендетуге көмектесті. Жа­ңашылдықпен күту парақшасы мен орындарды «аулауды» блокқа қою функционалы қарастырылған. Соңғы опция – күту парақшасы – билеттер сату жүйесіндегі орынның болмауы кезінде жолаушыларға электронды кезекке тұруға мүмкіндік береді, – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ маркетинг және сату бөлімінің директоры Алмас Айтбаев.

Топтық тасымалға тапсырыс беруді рәсімдеу мен беру процесі де автоматтандырылған. Өзгерістер bilet.railways.kz. сайты сервисі жұмысына да әсер етті. Порталдың жаңа нұсқасында тұтынушылар пойыздың жүруі бағытын, сонымен қатар жолаушының нақты жол жүруі кескіндемесін толық кө­ре алады. Көрсетілген функционал сайттың мобилдік нұсқасында да бар.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Kaspi Bank-пен бірлесе би­лет­терге төлемнің жаңа сер­висін іске қосты. Енді жол жү­ру құ­жат­тарын (билеттерді)

WWW.BILET.RAILWAYS.KZ сайтында рәсімдеу кезінде, билетке төлем жүргізуде Kaspi.kz. пайдалануына болады. Бұдан басқа, жақында мүгедектігі бар барлық топтағы тұлғалар үшін әлеуметтік маңызды пойыздарға жеңілдікті билеттерді онлайн-рәсімдеу бойынша жаңа қызмет түрі жұмыс істей бастады.

Жолаушылар енді билет сатып алуда үнемдеуіне болады. Атап айтқанда, қысқа жол жүруде клиент­тер жатын жабындысынан бас тартуына мүмкіндік беретін опция енгізілді. Мұндай жағдайда оның құны жол жүру бағасынан шегеріледі. Сондай-ақ таңдаулы орындарды таңдауда сүзгінің дұрыс жұмыс істемеу проблемасы шешімін тапты. Сайтта пай­да­ланушыны тіркеу процедурасы айтарлықтай жеңілдетілді, енді поштаға тіркелімді растау­ды күтудің қажеті жоқ. Жаңа пош­талық серверлер қосылып, электронды поштаны жіберу жыл­дамдығы жақсарды.