Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020

"Көкшетау – Атбасар" жолының учаскесінде тұрақтандырғыш "Acrosoil" технологиясы сыналды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің автомобиль жолдарында инновацияларды енгізу шаралары жалғасуда. "Көкшетау – Атбасар" жолының 7+150 – 7+250 шақырым учаскесінде "Acrosoil" тұрақтандырғыш қоспасы сыналды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Көкшетау – Атбасар" жолының учаскесінде тұрақтандырғыш "Acrosoil" технологиясы сыналды

Жаңа технологияны енгізу шараларын ««QazAvtoJol»ҰК» АҚ мен «UneedUs» ЖШС бірлесіп жүзеге асыруда.«UneedUs» ЖШС мәліметтеріне сәйкес Acrosoil тұрақтандырғышы, тіпті жолдың саз балшықты жер төсемі мен негізгі қабаттарын нығайтуға мүмкіндік береді.

Жер жамылғысындағы немесе жол табанындағы топырақ қопарылып, 1-3% цемент және топырақтың түріне байланысты белгілі бір мөлшерде  «Acrosoil» қоспасы қосылады да, рейсаклер арқылы араластырылады. Дайын қоспа жұдырықшалы катокпен төселіп, автогрейдердің көмегімен кескінделеді. Осыдан кейін жол жабыны тегіс білікті немесе пневмодоңғалақты катокпен тегістеледі.

Дәстүрлі әдіс бойынша топырақты нығайту үшін 6-7% цемент қажет болса, «Acrosoil» тұрақтандырғышы арқылы ол тек 1-3% мөлшерде ғана жұмсалады. Осылайша аталмыш технологияжұмсалатын материалдың көлемін азайтып, жол жамылғысы құрылымының өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Тәжірибелік учаскеде мониторинг жүргізіліп, техникалық бақылаудың нәтижелері дайын болған соң«Acrosoil» технологиясын өндіріске енгізу жөніндегі шешім қабылданбақ.