Бұл жөнінде Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат Бюросының отырысында белгілі болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыс барысында Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған басым бағыттарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, Жолдауда мемлекеттік басқару жүйесіне реформа жүргізу, кадр саясатын күшейту, шешімдер қабылдау және халықпен кері байланыс процестерін жеделдету қажеттігіне баса мән берілгеніне назар аударды. Одан бөлек, Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы экономиканы қалпына келтірудің жеті басымдығын айқындап бергенін, өңірлерді, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, құқық қорғау және сот жүйесін реформалауды жалғастыруға тоқталғанын атап өтті. Сенат Төрағасының айтуынша, Жолдауда денсаулық сақтау және білім беруге баса назар аударылған.
«Жолдауда айтылған басымдықтардың бәрі халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталып отыр. Сондықтан Мемлекет басшысының барлық реформасын сапалы заңдармен уақтылы қамтамасыз етуіміз керек. Осы ретте сенаторлар заң шығаруға бастамашыл болу құқығын кеңірек пайдалануға тиіс», – деді Мәулен Әшімбаев.
Білім беруде, сот пен құқық қорғау жүйелерінде де сапалық тұрғыда өзгерістер болуы керек. Сонымен қатар, Президент Есеп комитетін қаржыландырудың өзге тәртібін айқындап, оны Парламенттің салалық комитеттері арқылы жүзеге асыруға тапсырма берді. Сенат Төрағасы Бюро отырысында осы кешенді жоспардың бәрі заңнамалық тұрғыда қолдауды талап ететінін айта келіп, депутаттық корпустың алдында ауқымды жұмыс тұрғанын жеткізді.
Отырыс барысында Сенаттың тұрақты комитеттерінің төрағалары депутаттардың өңірлерге сапарының қорытындылары туралы хабардар етті. Депутаттар індеттің таралуы мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайына мониторинг жүргізді, пандемиямен күресуге көмектесті, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмалары аймақтарда қалай орындалып жатқанын қадағалады.
Одан бөлек, сенаторлар еліміздің барлық облыстарындағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік нысандарды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті. Жергілікті жерлерде азаматтарды қабылдады.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа сессия ашылар алдында Мемлекет басшысымен кездескеніне назар аударды. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың рөлі әр заң жобасын сапалы пысықтаудан тұратынын және заң шығару ісінде жалпыұлттық мүдделерді басшылыққа алуы тиіс екенін ерекше атап өткен болатын.
Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенат комитеттеріне бөлініп берілді.
Қаржы және бюджет комитетіне «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы берілді.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасымен айналысатын болды. Бас комитеттерге Сенаттың басқа комитеттерінің ұсыныстарын жинақтау және осы құжаттар бойынша қорытындылар дайындау тапсырылды.
Бұдан басқа Бюро отырысында Сенаттың 10 қыркүйекте болатын алдағы жалпы отырысының күн тәртібі де белгіленді. Жаңа сессияда қаралатын алғашқы құжат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы болады. Аталған заң жобасы Мәжілісте мақұлданып, Сенатқа келіп түсті. Табиғи қорықтар туралы көлемді бұл жоба осы аптада бірінші оқылымда қаралады.
Сонымен қатар тұрақты комитеттер Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Сенаттың 2020 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына ұсыныстар берді.
«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 21:30
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Берік Әлібай: Ұлттық дәстүрді сақтауға күш саламын
Өнер • Бүгін, 20:31
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Бүгін, 20:26
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Бүгін, 20:23
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Қоғам • Бүгін, 20:20
Досмұхамед Кішібеков: Тарихын таныған ұрпақ Тәуелсіздіктің қадірін біледі
Тарих • Бүгін, 20:17
Теннис • Бүгін, 20:12
Руханият • Бүгін, 20:10
Медицина • Бүгін, 20:07
Әлем • Бүгін, 20:02
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 19:58
Спорт • Бүгін, 19:55
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды
Күрес • Бүгін, 19:35
7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді
Қоғам • Бүгін, 19:15
Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды
Президент • Бүгін, 18:31
Пандемия кезінде жаны күйзелгендер көбейген
Әлем • Бүгін, 17:55
Хоккейшілеріміз әлем чемпионатына даярлануда
Хоккей • Бүгін, 17:16
Қалжыңдаймын деп айыппұл төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматылық жүзушілер алдарына жан салмады
Спорт • Бүгін, 16:15
Төрт боксшымыз ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:00
Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде екі бала зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Атырау және Астрахан облыстарының шекарасында қоршаулар орнатылып жатыр
Қазақстан • Бүгін, 14:50
ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Алматыда тәулігіне індет жұқтырғандар саны 700-ге жақындады
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Маңғыстау облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 12:43
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
Қазақстан • Бүгін, 12:09
Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
Күрес • Бүгін, 11:35
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:00
Алматыдан 181 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Елімізде өткен тәулікте 1806 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Өткен тәулікте 2828 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:45
Қасиетті айда қайырымдылық жасады
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар