31 Қазан, 2013

Жаңа Кодекстің қауқары зор

252 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Президент жанында­ғы Адам құқықтары жө­нін­дегі комиссиясы сарап­шы­лар кеңесінің жаңа Қыл­мыс­тық іс жүргізу кодексі жобасын талқылауға арналған кеңейтілген отырысы өтті. Оның жұмысына биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары орган­дары­ның, құқық қорғау ор­гандарының өкілдері, құ­қықтанушы ғалымдар, адвокаттар, халықаралық және үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.

Бірінші мәселесі бойынша Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы, Жоғарғы Соттың судьясы, заң ғылымдарының докторы Раиса Юрченко, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы, адвокат Ирина Осо­кина, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі ком­иссияның сарапшылар кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Оңғарбаев сөз сөйледі.

Қылмыстық іс жүр­гі­зу ко­дек­сі жо­басының же­келе­ген нормала­ры, олар­дың Конституция мен Қа­зақ­­стан­ның адам құқықтары сала­сын­дағы халықаралық мін­дет­темелеріне сәйкестігі жан-жақты талқыланды.

Жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасы 16 бөлімнен, 72 тараудан тұрады және 677 бапты қамтиды. Парламентке жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасынан бөлек «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу заңна­масын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы да енгізілген, соған сәйкес 39 кодекске, заңдарға өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізіледі.

Бұл орайда баяндама жасаған­дар жаңа Қылмыстық іс жүргізу ко­дексінің қабылдануы процеске қатысушылардың құқық­та­ры мен заңды мүдделерін қор­ғау­­дағы көптеген заңнамалық ақ­таң­дақтарды жоятынын атап өтті.

Жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі жалпы сот процесін ашық етуге және сот ісін жүргізудің жа­риялылығы мен әділдік қағи­да­тын нақты жүзеге асыруға, та­раптардың тең құқықтығы мен бәсекелестігіне, қылмыстық істерді қараудың шынайылығын қам­тамасыз етуге, құқық қорғау және сот органдарының беделін көтеруге септігін тигізері сөзсіз. Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшылар кеңесі әзірлеген ұсынымдар Парламенттің Сенаты мен Мәжілісіне жолданады.

«Егемен-ақпарат».