Президент биылғы Жолдауында азаматтарды мемлекетті басқару ісіне белсенді қатыстыру мәселесіне кеңінен тоқталды. Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру барысында билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалогты қалыптастыру басты мұраттың бірі екендігін айтты. Алайда толыққанды халық үніне құлақ асатын мемлекетті тек билік органдарының ашықтығы мен елгезектігі арқылы қалыптастыру мүмкін емес екені белгілі. Ол үшін халық та мемлекетті басқару ісіне белсенді атсалысуы тиіс.

Бұл орайда Президент халық белсенділігін арттырудың тиімді тәжірибесін ауыл әкімдерінің қызметке сайлау арқылы келуінен көретінін және бүгінде бұл саяси реформаның келесі кезеңіне көшудің алғышарттары әбден пісіп-жетілгенін айта келіп, ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жөніндегі маңызды мәселені ортаға салды. Мемлекет басшысының бұл ұсынысы қоғамда қызу талқыланып, қолдауға ие болып жатыр. Бұл жөнінде біз де жергілікті тұрғындармен, ауылдық әкімдік өкілдерімен, бұрынғы ауыл әкімдерімен әңгімелесіп, бұған дейінгі сайлау жүйесі мен Президент ұсынып отырған тікелей сайлаудың ара парқын ажыратып, саралап көруге ұмтылыс жасап көрдік.
Бұл жөнінде алдымен Қостанай ауданына қарасты Алтын дала ауылының тұрғындарымен сөйлестік. Ауыл әкімдерін тұрғындардың сайлауына мүмкіндік берілуі – ауыл халқының белсенділігін көтеруге бағытталған шаралардың бастамасы, өз белсенділігін көрсетуге берілген мүмкіндік, дейді алтындалалықтар.
– Өзім осы ауылда 12 жылдан бері тұрамын. Сол 12 жылдың ішінде онға жуық әкім ауысты. Аудан әкімі мен мәслихаттың тағайындауымен келеді. Бір-екі жыл отырады, содан тағы басқа қызметке кетеді. Мысалы, сонда ол 1-2 жылда не тындырып, қандай жоспарды жүзеге асырып үлгереді? Яғни ақыры ауылды басқарған соң, өзіне белгіленген мерзім ішінде сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырып, халыққа берген уәдесін орындап кетуі керек қой. Бірақ қазіргі жағдайда ауыл әкімдерінде мұндай мүмкіндік болмай отыр.
Тағы бір айта кететін мәселе, жалпы, қазір ауылға жағдай жасалмайды, қаржы бөлінбейді, ауыл құрып бара жатыр деп зарлай беретін кез өтті. Ауылдардың әлеуметтік ахуалын көтеру үшін, жалпы ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін түрлі бағдарлама жүзеге асырылып жатқанын көзіміз көріп отыр. Ендігі жерде ауыл тұрғындары белсенді әрекет ететін кезең басталды. Сол елге, жерге өздері иелік етіп, кәсібін ашып, еңбек етуі керек. Мұның сыртында, сол ауылдың мүддесін қорғайтын өздері жақсы білетін, халықпен тіл табыса алатын, ауылдың кем-кетігін бүтіндеп, көркейтуді қай жағынан бастау керек екенін білетін іскер азамат, білікті басшыны таңдап, сайлай алады. Халық сайлағаннан кейін әкімнің ауданға немесе басқа басшыларға жалтақтауы кеміп, өз сайлаушыларының алдындағы жауапкершілігі көтеріле түсуі тиіс, – дейді Алтын дала ауылының тұрғыны Айнұр Құдабаева.
Жалпы, бұған дейін ауыл әкімдерін аудан әкімінің ұсынысымен мәслихат депутаттары сайлап келді. Үміткер алдымен халыққа, одан кейін мәслихатқа өз бағдарламасын таныстырады. Бірақ оны халық емес, мәслихат мақұлдайды.
Тәжірибеде аудан әкімі ұсынған үміткер көбіне өзі әкім болып сайланып жатқан ауылдық округтің әлеуметтік жағдайын, тұрмыс-тіршілігін, шаруашылық мәселелерін терең біле бермейді, сол ауылдағы көптен шешімін күтіп тұрған күрмеулі мәселелерден де бейхабар болып келеді. Сондықтан ауылдық органдарға сол ауылда туып-өскен, елдің, жердің жағдайын жақсы білетін, шебер ұйымдастырушы, шынайы жаны ашитын азамат жергілікті тұрғындардың тікелей сайлауымен әкім болып келуі керек.
Қазіргі ауыл әкімдерінің көбінің қолы қысқа. Өйткені қолында қаржысы жоқ. Басқаруындағы ауыл дотацияда отыр. Бұрын ауылдық округтер ақшаны аудандық бюджеттен алатын. Қазір әр ауылдың шамалы болса да өзінің дербес бюджеті бар. Бірақ бір жағына тартсаң, екінші жағына жетпейді. Ауылдық елді мекендердің басым бөлігінде инфрақұрылым дамымаған, тауар өндіруші ірі кәсіпорындар жоқ. Сондықтан бюджет те мардымсыз. Мысалы, Қостанай ауданына қарайтын Надеждин ауылдық округінің жылдық бюджеті небәрі 4-ақ млн теңге: 1 жарым млн – көлік салығынан, 2 млн – жеке табыс салығынан, 300 мың теңге мүлік салығынан түседі. Бұл 4 млн теңге ауылдық округтің бір жылдық тіршілігіне жетпейді. Сондықтан облыс мұндай ауылдарға әлі күнге дейін субсидия беруге мәжбүр болып отыр. Мысалы, Қостанай ауданын алып қарайтын болсақ, бұл әкімшілік құрылымға кіретін 20 шақты ауылдық округтің бәрі дотациямен күн көріп келеді. Тек Тобыл қаласы ғана өзін өзі ақтап отыр.
Қаржының жоқтығынан көңілде сайрап тұрған талай шаруаны тындыра алмай, шарасыз күйінетін сәттер көп болатынын осыдан біраз жыл бұрын Әулиекөл ауданындағы Қаймақкөл ауылдық округінде әкім болып қызмет атқарған Әлмұрат Ахметов те растайды. Бүгінде ол Жданов орта мектебін басқарады.
– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халық пен жергілікті билік арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз ету үшін жергілікті ауыл әкімдерін халықтың сайлауына ұсынды. Меніңше, бұл өте дұрыс шешім. Өзім де бірер жыл әкім болып көрдім. Шыны керек, сол ауылдың әкімі кететін болған соң, резервте тұрған мені әкімдік өзі ұсынды. Әкім болу маған қиындау соқты. Себебі өзіңнің халық үшін істегің келіп тұрған нәрселерді жүзеге асыра алмай қалатын кездер де болады. Мысалы, ауылдың сырт көзге қораш көрініп тұрған бір бұрышын жаңартып, гүлдендіргің келеді. Бірақ шама жоқ, қол қысқа, бәрі қаржыға келіп тіреледі. Кейде берілген бюджет ауылға қажет деген шаруаға жұмсалмайтын кездер кездеседі, – деді Ә.Ахметов.
Десек те, бүгінде республика бюджетінен ауылды дамытуға мол қаржы бөлініп жатыр. Ауылдық елді мекендерді газдандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту, «Сыбаға», «Ауыл – ел бесігі» сияқты бағдарламалар бар. Бұл бағдарламаларға бөлінген қаржының нақты бір ауылға жету-жетпеуі ең алдымен ауыл әкіміне байланысты. Мәселен, ауылға су тарту үшін оған жергілікті атқарушы орган, яғни әкім өтінім береді. Бірақ алдымен жобалық-сметалық құжаттарын дайындау керек. Одан түрлі басқармаларға, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықтарға жүгіруге тура келеді. Яғни бұл шаруа қырға да, ойға да жүгіріп жүріп, жүйке тоздырып, үлкен күш жұмсауды қажет етеді. Ал сол ауылға уақытша келген әкімнің мұндай тәуекелге бара қоюы екіталай. Сондықтан мұндай әкімдер «қаржы жоқты» алға тартып, бастың амандығын, құлақтың тыныштығын тілеп, аузын қу шөппен сүртіп отырудан әріге баспайды. Ал егер жергілікті тұрғындар сол ауылда туып-өскен, туған жерінің ыстығына күйіп, суығына тоңудан тайынбайтын, көпшілікке іскерлігімен, ұйымдастырушылық шеберлігімен танылған еті тірі азаматты таңдап, әкім етіп сайласа, онда әңгіме басқа болар еді.
Сондықтан тұрғындардың дені ауыл әкімін тікелей сайлаған жөн деп біледі. Айтуларынша, мәслихат депутаттары сайлаған әкім мен ауыл тұрғындары сайлаған әкімнің арасы жер мен көктей. Депутаттар әкімдікке өздері дұрыс білмейтін, бәлкім, өмірінде алғаш рет көріп тұрған бейтаныс адамды сайласа, ауыл адамдары өздерінің көз алдында өскен, өздері жыға танып, жақсы білетін, сөзі өтімді, қолы жетімді алғыр әрі іскер азаматты дұрыс таңдап, сайлай алады.
Бұған дейін сайланған ауыл әкімдерінің тағы бір кемшін тұсы бар: ауыл әкімдерін таңдайтын басты тұлға аудан әкімі болғандықтан, олар, ең алдымен, халық алдында емес, аудан әкімінің алдында жақсы көрінгісі келіп тұрады. Яғни түптеп келгенде ауыл мүддесіне емес, аудан әкіміне қызмет етеді. Ал аудан әкімі бұл лауазымға өзіне қолайлы адамды ғана таңдайды. Қолайсыз адамнан құтылуға тырысады. Мәселен, осыдан екі-үш жыл бұрын Денисов ауданы әкімдігі тарапынан сол ауданға қарасты Тельман ауылдық округінің әкіміне қысастық жасалды. Бұрынғы ауылдық округ әкімі Нұрлан Доспаевтың айтуынша, бар пәле «Сыбаға» бағдарламасынан басталған.
–Владислав Василюк есімді кәсіпкер аудан басшыларының қолдауымен «Сыбағаға» қатысып, біздің округке келіп, мал өсірмек болды. Мен ол кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған мал фермасы бар, ірі қарасы бар деген анықтама беруім керек екен. Шынтуайтына келгенде, Василюкте мұның бірі де жоқ еді. Анықтаманы өзі емес аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің қызметкері Нұржан Сәбитов арқылы сұратты. Ол келіп, бұл сол кездегі аудан әкімнің тапсырмасы екенін, егер орындалмаса, мен үшін арты насырға шабатынын айтып, қоқан-лоқы көрсетуге дейін барды. Мен анықтама беруден бас тарттым. Көп кешікпей қысым жасала бастады. Әкім мені өз кабинетінде қабылдауын доғарды. Кесе көлденең кедергі көбейіп, маған тіпті ауылдан шығуға тыйым салынды. Ісік ауруына шалдығып, жаны қиналып жатқан анама қаладан дәрі әкелуге де рұқсат берілмеді. Бір рет қалаға дәріге шығып кетіп едім, тәртіптік кеңес арқылы жауапқа тартты, – дейді бұрынғы ауыл әкімі.
Осылайша, Нұрлан Доспаев ауылдық округ әкімдерінің келесі сайлауына өтпей қалады. Жергілікті халық наразылық таныта бастаған соң, аудан басшылары мұның себебін әкімнің дұрыс жұмыс істей алмағандығынан деп түсіндіреді. Мұның арты аудан басшылығы мен ауылдық округ тұрғындарының арасындағы дауға ұласады. Ауылдық округ әкімінің ұйымдастырушылық қабілеті мен іскерлігін, міндетіне адалдығын жақсы білетін жергілікті халық бүкіл округ болып облыс басшысына, астанаға шағымданып, әупірімдеп жүріп, Н.Доспаевтың кандидатурасын сайлау тізіміне енгіздіртеді. Бірақ қандай да бір себептермен үміткердің рейтингі ең соңғы орыннан табылып, мәслихат депутаттарының таңдауына ілікпей қалып, сайлауда жеңіліс табады.
Бұл аудан әкімнің ұсынысымен мәслихат сайлайтын ауыл әкімінің өзін ұсынған және сайлаған тұлғаларға тәуелді екендігіне нақты мысал бола алады. Ал тәуелділік жоғарыда баяндалған сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жол ашады. Ал Президент Жолдауында айтылған халықтың тікелей таңдауы арқылы сайланған ауыл әкімдері мұндай әділетсіздік пен тәуелділіктен арылатыны айқын.
Қостанай облысы
Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 10:09
Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны алғаш рет төлқұжат алды
Қоғам • Бүгін, 09:55
Елордада жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 09:53
Энтони Блинкен: АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Саясат • Бүгін, 09:41
Қазақстанда 32 адам коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:35
Петропавлда есірткі зертханасы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
2 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:19
Теңіз жаяу әскерлері жас сарбаздармен толықты
Қоғам • Бүгін, 09:18
Төрт боксшымыз бас жүлде үшін таласады
Спорт • Бүгін, 09:09
Елімізде бір тәулікте 2307 адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өскемен, Семей, Аягөз – «қызыл аймақта»
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Қыран қанатында қалықтаған жыр
Руханият • Бүгін, 08:43
Руханият • Бүгін, 08:39
Электронды коммерцияны дамытуға бағытталған жоба
Экономика • Бүгін, 08:36
Қайырымды істер марафоны жалғасуда
Руханият • Бүгін, 08:33
АҚШ климаттың жылынуына алаңдаулы
Әлем • Бүгін, 08:30
Индонезияда сүңгуір қайық жоғалып кетті
Әлем • Бүгін, 08:29
Жаңа терминал инвестициялық әлеуетке серпін береді
Экономика • Бүгін, 08:25
Мемлекет кепілдігімен кәсіп ашқан ана
Қоғам • Бүгін, 08:21
Руханият • Бүгін, 08:15
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 08:12
Спорт • Бүгін, 08:10
Тарих • Бүгін, 08:08
Бокс • Бүгін, 08:06
Руханият • Бүгін, 08:02
Саясат • Бүгін, 08:00
Тәуелсіздік тірегі – ел бірлігі (Ынтымақ – бұзылмайтын қорған, бірлесе еккен ағаш – орман)
Қазақстан • Бүгін, 08:00
Алаш топырағындағы алтын тарих
Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:00
«Хайлайт» сынында бет қаратпады
Оқиға • Бүгін, 07:59
Көкейкесті мәселелер – сенаторлар назарында
Парламент • Бүгін, 07:57
Аймақтар • Бүгін, 07:52
Қоғам • Бүгін, 07:51
Ақтөбеде «жол жыры» қайта басталды
Қоғам • Бүгін, 07:48
Қоғам • Бүгін, 07:47
Аймақтар • Бүгін, 07:40
Жаппай вакциналау алгоритмі жасалды
Медицина • Бүгін, 07:35
Әлем • Бүгін, 07:32
Репродуктивтілік мәселесімен жүгінгендердің жартысы жастар
Медицина • Бүгін, 07:25
Аймақтар • Бүгін, 07:24
Өз вакцинасын әзірлеген әлемдегі бес елдің қатарындамыз
Қазақстан • Бүгін, 07:20
Тіл мен тарих – халықтың қос қанаты
Оқиға • Бүгін, 07:17
«Ясауи ізімен» экспедициясының көкжиегі кеңейеді
Руханият • Кеше
Тариф тұрғындарды тығырыққа тіремеуі тиіс
Қазақстан • Кеше
Ресей президентінің кезекті жолдауы
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Президенттік институт – пәрменді билік
Елбасы • Кеше
Өзегіне ұлт мінезі ұялаған «Салтанат»
Өнер • Кеше
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
Тоқішек пен тікішек обырларына шалдыққандар неге көбейді?
Медицина • Кеше
Екпе салдырушылар саны артып келеді
Аймақтар • Кеше
Дәрігерге «құрылысшы» киімі сатып алынғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
АҚШ санкциясы Қазақстанға әсер ете ме?
Қазақстан • Кеше
Ақтоғайдан Алматыға, одан кейін Бордо...
Спорт • Кеше
Қоғамдық кеңестердің өкілеті едәуір артады
Қазақстан • Кеше
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Семейде 18 мектеп карантинге жабылған
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар