"ДДҰ Бас директоры Тедрос Гебрейсустың айтуынша, "бұл соңғы пандемия емес. Тарих бізге аурудың өршуі мен пандемияның өмірдің бір бөлігі екенін үйретеді". Швейцарияның Қоғамдық денсаулық сақтау Федералды басқармасы Қазақстанды одан қайтып оралғаннан кейін карантинді сақтау қажет елдер тізімінен шығарғанын атап өткен жөн. Бұл ретте, Швейцарияға басқа елдерден келген адамдар карантинге жіберіледі. Бұл елдердің тізімі 7 қыркүйекте жаңартылды. Бұл COVID-19-мен күресудің және Қазақстандағы ағымдағы эпидемиялық жағдайды тұрақтандырудың тактикасы дұрыс таңдалғанын көрсетеді", деді министр.
Аурудың таралуын болдырмау және елдегі эпидемиялық жағдайды сипаттайтын оң динамиканы сақтау мақсатында кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күнгі локдаундар сақталуда. Сондай-ақ, министрлік күзгі маусымға дайындықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда.
Ел бойынша төсек-орындар саны коронавирусқа арналған 54 178 төсек-орынды құрайды, бұл қолданыстағы 16 304 инфекциялық төсек-орын, 2 790 жаңа салынып жатқан нысан және басқа стационарлардағы 32 064 төсек-орын. Реанимациялық төсек-орын саны 2 981-ге жетеді. 2020 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР бойынша 19 066 инфекциялық төсек-орын жұмыс істейді, ал реанимациялық төсек-орынның 14%-ы қамтылған. Қазіргі уақытта инфекциялық және провизорлық стационарларда 3 379 ӨЖЖ аппараты, қосымша тағы 2 619 бірлік сатып алынады, соның ішінде отандық өндірістің 1 500 аппараты бар.
А.Цой мәлімдегендей, бүгінде республикада 21 566 төсек-орын оттегімен қамтамасыз етілген. Бұл ретте қосымша 9300 төсек-орынды қамтамасыз ету жоспарлануда. Соның 6400-і жергілікті бюджет және демеушілік қаражат есебінен, 2900-ы республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған.