Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020

Жыл сайын 1 мың тоннадан астам балық алынады

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының  мәліметінше, сонымен бірге, қолдан өсірілетін балық көлемі жылына 10 тоннаны құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл сайын 1 мың тоннадан астам балық алынады

Ал, жалпы, өңірдегі балық шаруашылығының негізгі қоры 265 балық шаруашылығы су айдынын құрайды.

Мысалы, Ертіс өзені бассейннің жайылма су айдындары-182, дала су айдындары 19, ащы-тұзды су айдындары – 64.

Осы су айдындарында көксерке, сазан, шортан, басқа да балық тардың 15-ке жуық түрлері бар.

Басқарманың мәліметінше, 2011 жылдан бастап су айдындарын жануарлар дүниесін пайдаланушыларға ұзақ мерзімді бекіту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұл балық шаруашылығын дамытуға пайдаланушылардың қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, су айдындарында браконьерліктің көбеюіне тосқауыл жасайды. Қазіргі уақытта облыста балық шаруашылығы қызметін 32 табиғат пайдаланушысы жүзеге асырады.

Оларға 75 балық шаруашылығы су айдыны бекітілген. Олардың негізгі қызметі – кәсіпшілік балық аулау болғандықтан 300-ден астам адам еңбек етеді.

Өңірде соңғы 3 жылда табиғат пайдаланушылармен 4 мың тонна су жануарлары ауланған, 2020 жылы квота 1 085 тонна көлемінде бекітілді.

 


Павлодар облысы