Үкімет • 15 Қыркүйек, 2020

Мамин азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне жол бермеуді тапсырды

65 рет көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны реттеу және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағаға мониторинг жүргізу және қабылданған шаралар туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, өңірлердегі ахуал туралы Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов баяндады.

Биыл қалыптасқан жағдайда Үкімет пен әкімдіктер өнім өндіруді, сақтауды және барлық өңірлерге жеткізуді қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қабылдады. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасы белгіленді, бағаны тежеу міндеттемесімен "қайтарымды схема" арқылы сауда желілеріне жеңілдікті қарыз беру практикасы кеңейтілді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, оның ішінде форвардтық сатып алу механизмі енгізілді – 24,5 млрд теңге бөлінді, 516,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу үшін 159 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші іріктелді.

Премьер-Министр қабылданған шаралардың әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын 4,4% деңгейінде тұрақтандыруға мүмкіндік бергенін атап өтті, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден екі есе аз (8,7%). Үкімет басшысы бағаны тұрақтандыру бойынша Алматы қаласын мысалға келтірді, мұнда "қайтарымды схема" үшін жедел түрде қаражат бөлу жұмыстары жүргізілді, бұл тұрақтандыру қорларын дер кезінде толықтыруға, сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімін кеңейтуге мүмкіндік берді.

"Әкімдіктер алдын алу шараларын дер кезінде қабылдаса, бағаның тұрақтылығы мен оны тежеу қамтамасыз етіледі. Біз импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс жасап жатырмыз. Бағаны қымбаттатуға ешбір себеп жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық түрлері бойынша бағаның тұрақтылығына қатаң бақылау қамтамасыз етіледі", деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, сыртқы жағдайға және азық-түлік қорының жеткілікті болуы мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығына мониторингті жалғастыруды, "қайтарымды схема" арқылы сауда желілеріне жеңілдікті қарыз беруді кеңейту, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін форвардтық сатып алу практикасы мәселелерін пысықтауды тапсырды. 

Әкімдіктерге импортқа тәуелді тауарлар (қант, көкөніс өнімдері және басқалары) өндірісін ұлғайту бойынша жобаларды басым ретпен іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлер әкімдерінің назарын өзімізде өндірілетін азық-түліктің, әсіресе, картоп, ұн, сәбіз және қарақұмық жармасының бағасын өсіруге жол бермеуі тиіс екеніне аударды.

"Азық-түліктің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету қазақстандықтардың тұрмыс сапасының басты факторларының бірі", деді А. Мамин. 


Соңғы жаңалықтар

Іздеудегі 16 қылмыскер ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 11:10

Бүкіләлемдік экологиялық акция

Экология • Бүгін, 07:56

Коронавирус қайта өршіді

Әлем • Бүгін, 07:42

Үрейге бой алдырмаған жөн

Аймақтар • Бүгін, 07:35

Ширек финалда жеңілді

Теннис • Бүгін, 07:30

Майданда шыңдалған достық

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:29

Әулиеағаш әлі ұзақ жасайды

Туризм • Бүгін, 07:12

Агротуризм адымдары

Туризм • Бүгін, 07:10

Түркиядағы Фарабилер

Таным • Бүгін, 07:03

Бір чемпионатта топ жарған ағайындылар

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:00

Куәлікті поштадан күтеді

Қоғам • Бүгін, 06:56

Асыл түбі – иманнан

Руханият • Бүгін, 06:55

Туристік хаб таныстырылды

Елбасы • Бүгін, 06:55

Қысқа дайындық қызған шақ

Аймақтар • Бүгін, 06:54

Ұқсас жаңалықтар