Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2020

Ақсу электр стансасы қысқа әзірлік құжатын алды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ электр стансасы корпортивтік бөлімінің мәліметінше, стансаның 2020-2021 жылдардың күз-қысқы маусымындағы жұмысқа әзірлік төлқұжатын беру жөнінде шешімді Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті қабылдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақсу электр стансасы қысқа әзірлік құжатын алды

Алып корпорация еліміздегі ірі электр энергиясы мен көмір өндірушілердің бірі. Еліміздегі электр энергиясының  17 пайызы, көмірдің 20 пайызын кәсіпорын өндіреді. Электр энергиясын өндірудің жылдық қуаты – 16 млрд кВт*с.

Корпорация Ақсу электр стансасы мен "Шығыс" көмір кенішін біріктіреді. Ал, стансадағы, дайындық барысы тәуелсіз сарапшылардың, комитеттің, әкімшіліктің келісімінен өтіп, Энергетика Министрлігімен мақұлданды.

1

"Дайындық құжатын алу станса ұжымының атқарған жұмысы мен  жауапкершілігі барысында жүзге асты. Станса барлық міндеттерді орындауға дадайын", дейді станса директоры Владимир Фенев.

–Біздің тұтынушылар, оның ішінде талай ірі өнеркәсіп өндірістері электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етіледі деп сеніммен айтуға болады. Жалпы, биылғы жөндеу жұмыстары барысында "ЕЭК" АҚ электр стансасындағы  №6 энергоблогына күрделі жөндеу, ал №2 энергоблогына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазір №1 энергоблокқа күрделі жөндеулер жалғастырылуда. Сонымен қатар, №5 энергоблогын қайта құру аяқталуда. Жасалған жұмыстардың  арқасында маңызды технологиялық қондырғының қолдану мерзімі ұлғая түспек.

 

Павлодар облысы,

Ақсу қаласы