07 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары №682,№684,№683

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары №682,№684,№683

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Б.Ә.Сағынтаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 6 қараша. №682.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Б.Т.Сұлтановты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметіне тағайындау туралы

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 6 қараша. №684.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Б.Б.Жәмішевті Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі қызметіне тағайындау туралы

Болат Бидахметұлы Жәмішев Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 6 қараша. №683.

Соңғы жаңалықтар