Бұл аумақта қазба жұмыстары өткен аптада басталыпты. Сәйкесінше бірнеше күннің ішінде археологтар осындай жаңалығын бөлісіп отыр. Олардың айтуынша, табылған сүйек біздің заманымызға дейінгі IV-VI ғасырларға тән.
"Жоба 2-3 айға есептелген. Қазба жұмыстарының басты мақсаты - өткенді, темір дәуірінде қайтыс болған адамарды жерлеу рәсімдері қалай жүзеге асырылғанын, қандай тәртіп болғанын зерттеу. Біздің ауданда мұндай қорымдар, қорғандар мен құлпытастар өте көп. Құлпытастар 2012 жылдан бері зерттеліп келеді. Бірақ олардың көпшілігі бүлінген болып шықты, оны анықтау іс жүзінде мүмкін болмады. Қорғандарды зерттеу археология саласындағы мамандардың қатысуын қажет ететін өте ұзақ процесс. Менің ойымша, мұндай олжа көп нәрсе білуге және көптеген жаңалықтар ашуға мүмкіндік береді", деді аудан әкімдігіні ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр.
Айта кетейік, тәуелсіздік жылдары бұл бағытта мұндай жұмыстар жүргізілмепті. Алайда аудандағы қорғандарды әуесқойлар өз бетінше қазып алып, жай тонап кеткен жағдайлар да кездескен. Десе аумақта зерттелмеген қорғандар мен қорымдар әлі көп.