09 Қараша, 2013

ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің қаулысы №1189

227 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2013 жылғы 8 қарашаАстана, ҮкіметҮйі

Еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемiн бөлудiң кейбiр мәселелерi туралы

2013 жылғы 8 қарашаАстана, ҮкіметҮйі

Еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемiн бөлудiң кейбiр мәселелерi туралы

«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республи­касының Үкiметi қаулы етедi:

1. Жаңа өнім берушілер үшін құс етін әкелуге (коды КО СЭҚ ТН 0207) 2013 жылға арналған тарифтік квота көлемі 10000 тонна мөлшерінде бекітілсін.

2. «Еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемiн бөлудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №27, 320-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес»;

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына оларға қатысты тарифтiк квоталар енгiзiлген еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi  С.АХМЕТОВ.

 

ТОЛЫҚ МӘТІН