Қаржы • 08 Қазан, 2020

Тұтынушыларға 1 млрд теңгеден аса қаржыны қайтарады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика ми­нис­трлігі Табиғи монополияларды реттеу ко­митетінің Алматы облысы бойынша департаменті монопо­листердің тарифтік сметалар мен инвестициялық бағ­дарламалардың орындалуы туралы 2019 жылғы есептерге жүр­гізілген талдау нә­ти­же­лері бо­йынша бірқатар бұзу­шы­лық­тарды анықтады.

Тұтынушыларға 1 млрд теңгеден аса қаржыны қайтарады

Айта кетсек, тарифтік сметалар мен инвестициялық бағ­дарламаларды орындамағаны, сондай-ақ есептерді ұсынбағаны үшін 24 табиғи монополия субъек­тісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 401 042 млн теңге мөл­шерінде айыппұл салынды.

Тұтынушыларға қайтарудың жалпы сомасы 1, 16 млрд теңгені құрайды, соның ішінде кірме жолдар саласында – 9,83 млн; сумен жабдықтау саласында – 72,92 млн теңге; су бұру саласында – 56,77 млн; суды арналар бойынша беру са­ласында – 42,73 млн; электр энер­гиясын беру саласында – 22,23 млн; жы­лумен жабдықтау са­­ла­сында 954,38 млн теңге есептелген.

Сондай-ақ бүгінде бірқа­тар та­биғи монополиялар субъек­тілеріне қатысты тарифтік сме­­та­ларды, инвестициялық бағ­дар­ламаларды орындамағаны және есептерді ұсынбағаны үшін, тиіс­ті ден қою шаралары қабыл­да­нуда.

 

Алматы облысы