Қазақстан • 09 Қазан, 2020

Қазақстандықтар 2,5 миллиард теңгеге жуық салық қарызын төледі

145 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

190 мыңнан астам адам (жалпы борышкерлер санының 12,4%) салық рақымшылығы мүмкіндіктерін пайдаланып үлгерді. Олар 2,3 млрд теңге қарызын төледі, ал есептен шығарылған өсімпұл шамамен 287,7 млн теңгені құрап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандықтар 2,5 миллиард теңгеге жуық салық қарызын төледі

Еске сала кетейік, салықтық рақымшылық шарасы басталған кезде 1,5 млн жеке тұлғаның жалпы қарызы 25,1 млрд теңгені құрады, оның ішінде негізгі қарыз 21,1 млрд теңгені, өсімпұл 4,0 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

Салықтық рақымшылықты қолданған азаматтардың саны бойынша алда келе жатқан өңірлер үштігінде Алматы қ. (39 679), Шымкент қ. (28 269) және Алматы облысы (19 662).

Төмен белсенділік танытқандар қатарында Павлодар (5007), Ақмола (4 350) және Солтүстік Қазақстан (1 568) облыстары.

Қарызды өтеу көлемі бойынша көшбасшылар - Алматы қ. (541 млн теңге), Алматы обл. (308 млн теңге) және Шымкент қ. (245 млн теңге) тұрғындары.

Ең аз өтелген қарыз көлемі Батыс Қазақстан (35,4 миллион теңге), Павлодар (22,7 миллион теңге) және Солтүстік Қазақстан (22 миллион теңге) облыстарында байқалып отыр.

Есептен шығарылған өсімпұлдардың ең көп мөлшері Алматы (67,8 млн. теңге) және Шымкент (42,8 млн. теңге) қалаларына, сондай-ақ Алматы облысына (29,3 млн. теңге) тиесілі.

Төменгі көрсеткіш Атырау (6 миллион теңге), Батыс Қазақстан (3,8 миллион теңге) және Солтүстік Қазақстан (2,8 миллион теңге) облыстарында.

Өсімпұлды есептен шығарудың басты шарты - негізгі салық қарызын төлеу. Өсмпұлдар төленген салық түрі бойынша есептен шығарылады.

Салықтық рақымшылықтың мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Өсімпұлдарды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.