Елорда • 09 Қазан, 2020

Демалыс күндері елордада қандай мәдени шаралар өтеді

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала тұрғындары мен қонақтары алдағы демалыс күндері театрландырылған қойылымдарды, экскурсиялар мен елорданың мәдени мекемелеріндегі онлайн кездесулерді тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Демалыс күндері елордада қандай мәдени шаралар өтеді

Барлық іс-шаралар қатаң санитарлық талаптарға сәйкес өтеді.

10 қазанда сағат 18:30-да Nomad City Hall-да театрдың III маусымының ашылуына орай М.Фрейннің "Театр 180°" спектаклі өтеді.

Елорданың қуыршақ театры 10 қазанда сағат 14:00-де кішкентай көрермендерге арнап "А знаешь ли ты, что...?" және "Изучаем повадки животных" атты онлайн бағдарлама өткізеді. 22: 00-де балаларға кешкі ертегі көрсетіледі. Театрдың әлеуметтік желілеріне сілтеме: instagram.com/teatrkukolnursultan, facebook.com/teatr.kukol.astana 

10 қазанда сағат 19: 00-де "Жастар" театрында "Актерлар әлемі" ІІІ буын актерлерімен бірге әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция өтеді: instagram.com/zhastar_teatry;facebook.com/zhastar.theatry;youtube.com.

М. Горький атындағы драма театры 10 қазанда сағат 18.00-де Р.Кунидің "Смешные деньги" комедиясын ұсынады. Пьеса әлеуметтік желілерде көрсетіледі: youtube.com; youtube.com;instagram.com.

"АЛЖИР" саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалды кешенінде демалыс күндері "Алаш" залына экскурсия ұйымдастырылып, келушілер үшін "Лютый холод "АЛЖИРа" деректі фильмі көрсетіледі.