Аймақтар • 09 Қазан, 2020

Павлодарда жастарға ауыл адамдарының күнделікті еңбегін көрсету ұсынылды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Павлодар облысы бойынша облыстық филиалы "Жас келсе іске..." атты қоғамдық пікірталас өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда жастарға ауыл адамдарының күнделікті еңбегін көрсету ұсынылды

Нұр-Сұлтан қаласында өткен ауыл жастарының ІІ республикалық форумы "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының жастар қанатының ережелеріне өзгерістер енгізу үшін бастама болды.

Бұл ретте, бүгінгі қоғамдық пікірталастың негізгі мақсаты форумды қорытындылау болды.

Кездесу барысында форумда қорытындылар мен қабылданған шешімдер талқыланды. Қоғамдық пікірталасқа жастар шақырылды.

"Сондай-ақ республикалық жастар форумына қатысып келген Әлия Құрметова қатысты. Пікірталас барысында жастардың патриоттық сезімдерін ояту үшін не істеу керек, ұлттың ертеңгі күні қандай болады деген өзекті мәселелер талқыға салынды. Оған қоса, тіл, жер және экономика мәселесі көтерілді", деді Павлодар облысы "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Ермат Байғұрманов.

Оған қоса, жиын барысында өңірдегі партия жастар қанатының төрағасы ретінде Торайғыров университетінің оқутышысы, профессор Әлия Құрметова сайланды.

"Пікірталас барысында бірқатар ұсыныстар айтылды. Соның ішінде, бір ауылға барып, жастарды жинап, жарыстар ұйымдастырып, мал сою, от жағу, бие сауу сияқты қазіргі жастар біле бермейтін кәсіптерді үйретіп, оны видеоға түсіріп, көпшілікке тарату ұсынысы қолдауға ие болды. Алдағы уақытта бұл идеяның жүзеге асырылуына жағдай жасайтын боламыз", деді партия төрағасы.

Айта кетерлігі, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы көптеген өзекті мәселелер бойынша қоғамдық пікірталастарды тұрақты түрде өткізіп тұрады.