Қазақстан • 10 Қазан, 2020

Қырағылық пен табандылығы үшін марапатталды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызметті атқару кезінде қырағылық танытқаны үшін ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен аға сержант Ғабылхамет Жұмаханов марапатталды.

Қырағылық пен табандылығы үшін марапатталды

Ағымдағы жылдың 31 наурызында тәуліктік нарядта болған Ғабылахмет Жұмаханов әскери бөлім аумағында әскери мүлікті ұрлауға тырысқан бес бөгде адамды табады.

Сержанттың табанды әрі батыл әрекеттерінің арқасында қаскүнемдер ұсталып, құқық қорғау органдарына тапсырылды. Кейін анықталғандай, ұсталғандар ұзақ уақыт бойы іздеуде болған.

Бүгінде Ғабылахмет Жұмаханов жұмылдыру қызметінің бастығы қызметін уақытша атқарады. ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасының әскери бөлімінің қолбасшылығы мен қызметтестері оны тәртіпті, жауапты әскери қызметші ретінде сипаттайды.

Өткен жылы Ғ.Жұмаханов бөлім сержанты құрамының қызметтік іс-әрекетін дамытуға және сапалы ұйымдастыруға үлес қосқан. Жағымды жаңалықпен жұбайы мен екі қызы бөлісті.