Қазақстан • 20 Қазан, 2020

Қараша айына арналған ауа райы болжамы

3099 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айдың бірінші жартысында Республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қысқы ауа райы болжанады. Қараша айында жауын-шашын (көбінесе қар), қарлы боран, сондай-ақ көктайғақ пен тұман жиі болады. Айдың бірінші жартысының ең суық күндерінде термометр бағанасы түнде -10-23°C, күндіз -2-10°C дейін төмендейді. Суық ауа массалары жылыға ауысқанда термометрлердің бағаналары +5+12°С белгісіне жетеді.

Қараша айына арналған ауа райы болжамы

Еліміздің оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) айдың екінші жартысында күтіледі, таулы жерлерде ертерек болуы мүмкін. Бұл жағдайда температура фоны түнде -5-12°С дейін, күндіз -1+5°С дейін төмендейді.

Бір ай бойы жылы күндер аязды күндерге ауысуы күтілуде, көбінесе елдің солтүстік жартысында.

Осылайша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында, елдің солтүстік-батыс жартысында – нормадан 1°С жоғары, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында - нормадан 1°С төмен болады деп күтілуде.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, еліміздің солтүстік-шығыс жартысында және оңтүстік-шығыс аймақтарының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп, республиканың оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз болады деп болжанады.

Қараша айында қар жамылғысы пайда болады және қалыптасады. Көпжылдық мәліметтерге сәйкес, қар жамылғысы қалыптасуының орташа күні:

солтүстік және шығыс аймақтарда - қараша айының ортасында,

Қазақстанның орталық бөлігінде - қарашаның екінші жартысында,

еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында – қарашаның соңында және желтоқсанның бірінші жартысында,

республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-батысында - желтоқсанның үшінші онкүндігінде.