Соңғы уақытта ажары кіріп, тамырына қан жүгіріп келе жатқан елді мекендердің еңсесін көтеруіне туған жерінің тұғырын биіктеткісі келген перзенттерінің пейілі де себеп болуда. Егер әркім өз елінің қамын ойлап, қолынан келген көмегін көрсетсе, аялы ақ бесіктің өңі кіріп қалар еді.

Тасы өрге домалап тұрған кәсіпкерлердің ел қамын жеген еңселі істерін көргенде көңілің көтеріліп қалады. Ырыс біткен, толайым табысқа қолы жеткен іскер жандардың енді бір уақ замандастарының жайын ойлап, туған жерінің қамын ойлап, дәулетінің бір мысқалын бөліп, қайырымдылық жасауға ұмтылуы шын мәнінде ғанибет емес пе?! Олар шалғайдағы шағын ауылдардың, өздері түтінін түтетіп отырған туған топырақтың кейбір мұң-мұқтажын саналарымен салмақтап, ақыл таразысына салып, етек-жеңін қымтауға қолұшын созуда. Облыста биыл бірнеше мектеп, аурухана бой көтеріп, мәдениет ошақтары, спорт және балалар алаңдары салынды. Өтпелі кезеңнің өкпек желіне құмыға тұншығып, ісі қожырап бара жатқан мәдениет ошақтарының оты қайта маздап, кітапханалар жөнделіп, жаңа кітаптармен толықтырылды. Осының барлығы туған жерге деген перзенттік таңғы шықтай мөлдіреген таза пейілден туындаған көмек-қайырым.
Биыл облыста жалпы құны 5,5 млрд теңгені құрайтын 840 әлеуметтік бастама жүзеге асырылды. Көрген жанның көзін қуантып, көңіліндегі сенімді нығайтатын осындай игі шаралар арқылы 1 мектеп, 9 спорт алаңы, 7 мәдениет ошағы тәрізді 21 нысан салынды. 788 әлеуметтік бастама жүзеге асырылды. Оның ішінде тұрмысы төмен отбасыларына көмек, медициналық құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер алып беру, елді мекендерді абаттандыру тәрізді қайырымдылық істер бар. Мұндай жан жадыратар жұмыстың Көкшетау қаласы мен Бурабай, Целиноград, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау және Атбасар аудандарында кеңінен қанат жайып отырғанын айта кеткен ләзім.
Кір жуып, кіндік кескен туған топырағының болашағын ойлау, соған қызмет ету – ең алдымен әркімнің жүрегіндегі айнымас адал сезім мен адамгершілік қасиет екендігі даусыз. Осы орайда, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кәсіпкерлерді туған жерлеріне көмек көрсетуге, жанашырлық жасауға шақырған бірауыз сөзі де игі әсер еткенін екпін түсіріп айта кеткен жөн. Елбасы айтқан салиқалы сөз саналарына жетіп, көкірек көздерін ашқан кәсіпкерлер бұл бағыттағы салмақты да иманды шаруаға кірісіп кетті. Адами борышын өтеуге бел буған қалталы ағайынның қолға алған шаруасы да оңынан оралуда. Істің көзін білетін іскер жандар бар жайды ақыл таразысына салып, ел үшін алдымен не керек екенін, қай шаруаның басын қайырғандары ауылдастары үшін тиімді болатынын бағамдап, күш-қуаттарын жұмылдыруда. Айталық, шалғайдағы Жарқайың ауданына қарасты Тасөткел ауылындағы мәдени-демалыс орталығы көп жылдан бері жөндеу көрмей, жүдеп тұрған болатын. Ауыл жастарының бір уақыт дем алып, көңіл көтеретін жерлері де осы. Ал ол жұмыс істемесе, көңілдері жүдеп, бос уақыттарында барар жер таба алмай, томаға-тұйық күй кешетін. Осы жайды ескерген «Темірлан» серіктестігінің басшысы Ерлан Алин 95 млн теңгеге қаражат бөліп, орталықты құрылысшы қалағынан жаңа шыққандай етіп жөндеп берді. Жалғыз жөндеу жұмысы ғана емес, орталыққа қажетті құрал-жабдықтардың барлығын сыйға тартты. Қазір Тасөткел ауылындағы орталық ауыл тұрмақ, облыс орталығының өзінде сирек кездесетін мәдениет ошағына айналды. Атбасар ауданындағы «Нұр 777» серіктестігінің ұжымы Тимашевский орта мектебіне 24 млн теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізді. Мектептің ескі шатыры жаңартылып, терезелері алмастырылды. Целиноград ауданындағы Қоянды ауылында жеке кәсіпкер План Ахантай жерлестеріне 10 млн теңге қаржыға бірінші кезекте қажетті заттар мен азық-түлік сатып әперді. Жомарт жанның қайырымдылығына Қоянды ауылының тұрғындары дән разы. Мұндай көмек қолын созған адамдар аз емес. Жақынына жанашырлық жасаудан аянбайтын ізгі ниетті адамдардың ақ пейілі көңіл сүйсінтеді. Мәселен, Аршалы ауданындағы кәсіпкер Әлібек Тоқпаев Сарыоба орта мектебіне 9 млн теңгеден астам қаржы бөліп, көмек көрсетті. Биыл облыстағы ондаған мектеп ақ ниетті атымтай жомарттардың арқасында тәп-тәуір жөнделіп, бірқатар мәселелерін шешіп алды. Ақкөл ауданындағы «Хлебороб» серіктестігі Наумов, Өрнек, Виноградов мектептеріне 2 млн теңгеден астам қаржыға жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жалғыз білім ошақтары ғана емес, Наумов ауылдық Мәдениет үйі де жөндеуден өткізіліп, бір жаңғырып қалды. Облыс орталығындағы «Кристалл» сауда орталығы Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Саумалкөл ауылындағы Балалар үйін бауырына тартып, 2 млн теңгеге киім-кешек пен оқу құралдарын сатып әперді. Өзге де жалпақ жұртқа, қалталы азаматтарға үлгі болар шаралар аз емес. Айталық, Сандықтау ауданындағы «Байдалы» серіктестігінің ұжымы Веселое ауылындағы көпірді жөндеп берді.
Жақсы іске жан сүйсінеді. Қоғам мейірімнен ажырамаған екен. Ізгіліктің ізетті нұры төрт құбыламызда шалқып тұр. Соған қарап, шүкіршілік етеміз. Бұл жақсылық талай адамның жан жүрегін баурап, сенімін нығайта түсуде. Көкшетау қаласындағы «Алуа строй» серіктестігінің басшысы Ерлік Өмірғалиев көпбалалы отбасына тұрғын үй тарту етті. Бұл да бір айта қаларлықтай шаруа болды. Қала жұртшылығы Ерлік Қайдарұлының ерлікке пара-пар ізетті шаруасын ең алдымен шиеттей балаларға жасалып жатқан қайырымдылық деп ұқты. Құлақтанған жұрт азаматтың осы бір айта қаларлықтай ісіне разы болып, балалар үшін қуанды. Біржан сал ауданындағы «Семізбай U» және «КазБиф ЛТД» ұжымдары көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларына қарасуды өз міндеттері санайды. Кәсіпорындардың қамқорлығынан тыл еңбеккерлері, жетім-жесірлер мен мүгедектер тыс қалып отырған жоқ. Биылғы жылдың өзінде ғана осындай отбасыларға 3 млн теңгеден астам қаржыға көмек көрсетілген.
Ауылдық жердегі мәдениет мекемелерін қолдау да өте маңызды. Бұл орайда да ауыз толтырып айтуға лайықты шаралар аз емес. Айталық, Целиноград ауданындағы «Шалқар» серіктестігінің басшысы Дулат Қамзебаев 80 млн теңгеге ауылдық клуб салып берді. Ғажап емес пе?!
Елбасы ерекше ықыласпен айтқан туған жерді қастерлеу, сүю дегеніміз – осы! Елін сүйген ерлердің елге деген құрметі замандастарына жақсы үлгі болса қанекей!..
Ақмола облысы
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар