Экология • 27 Қазан, 2020

Табиғатты аялауға шақырды

252 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

CAMPIT белсенді демалыс жөніндегі коммьюнитидің негізін қалаушы, Anytravel ЖШС директоры Денис Лукянчук батыс үлгісіндегі белсенді демалыс ұйымдастыру тұжырымдамасы табиғаттың ластануының алдын алуға және демалыс мәдениетін арттыруға септігін тигізеді деп есептейді. Сондай-ақ ол флора мен фаунаны қорлау жағдайларынан бірқатар мысал келтірді.

Табиғатты аялауға шақырды

«Қазіргі кезде ішкі туризмге деген сұраныстың жоға­ры екендігін байқап отырмыз. Бұл өте жақсы үрдіс, бірақ жа­­ңа­лық­тардан көріп, оқып отыр­ғанымыздай туризм­нің дамуына байланысты жағым­сыз жағ­дайларды естен шы­ғарм­ауы­мыз керек. Бұл қағи­даттар табиғатты сақтау идея­сын ғана емес, сондай-ақ Қа­зақстанға осы сала үшін ең маңызды ресурсты сақтай отырып, ұзақмерзімді эко-демалыс­ты дамытуға мүмкіндік береді», деп атап өтті Денис Лукянчук.

Сала мамандары биылғы пан­демия жағдайында ішкі туризмге сұраныстың артқанын айтуда. Бірақ елімізде белсенді демалыстың мәдениеті қа­лып­­таспауы салдарынан демалу­шылар табиғатқа орасан зор зиян әкелуде. CAMPIT бел­сенді демалыс жөніндегі коммью­ни­тидің негізін қалаушы Денис Лу­кянчук саяхатшыларға бел­сенді демалыстың ережелерін түсіндіру керек дейді.

«Бүгінде белсенді демалыс­ты ұйымдастыру үшін арнайы қосымшалары жүктелген ұялы телефон болса, жеткілікті. Тау­лар, көлдер, шөлдер, құмдар, жазғы және қысқы тау шаңғысы. Әркім өзіне ұнайтын демалыс­ты таңдай алады. Оның үстіне инфрақұрылым да дамуда. 2ГИС-тің өзінен 68 тау жолын таба аламыз. Табиғат аясында демалу трендке айналғанын көріп отырмыз. Дамуға ынталандыру бар. Бірақ өзін қалай ұстау керек екендігін бәрі бірдей біле бермейді. Міне, осы ережелерді белсенді түрде насихаттау керек», деп түйіндеді белсенді.

Алматы өңірінің туристік клас­тері қауымдастығының мү­шесі, «Жібек Жолы» ЖШС директоры Тимур Дүйсенғалиев Қа­зақстанның таулары белсен­ді демалысты дамыту үшін зор әлеуетке ие екенін айтады. Спи­кердің айтуынша, Дүние­жүзілік туристік ұйым (UNWTO) тау аумақтарына деген қызы­ғу­шы­лықты туризм нысаны ретінде растады. Статистикаға сәйкес, кейінгі жылдары экологиялық таза аймақтарда табиғатпен тіл­десу үшін, урбанизация минималды әсер етілген жерлер­ге келушілер саны едәуір артқан.

«Біз БҰҰ Тұрақты Даму Мақ­­саттарын қолдаймыз және антропогендік жүктеудің өсу жағ­дайында таулы аймақтардың осалдығын түсінетін қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар ретінде Kazakh Alpine Club құрған болатынбыз. Сонымен қатар экологияны сақтау мен халықаралық стандарттарға сәйкес болу мақ­сатында туристердің қауіп­сіз­­дігін қамтамасыз ету үшін тиісті ин­фра­құрылыммен бір­ге белсенді демалу түрлерін да­мы­туды жос­парлап отырмыз. Тау Омбудсмені ретінде біз барлық мемлекеттік жә­не бас­­қа да ұйымдармен аккредит­теу, салалық және қоғам­дық ке­­­ңестерге кіру арқылы таулы ай­­­мақтарды игеру жобаларын, соның ішінде Ұлттық табиғи сая­бақ­тарды, бастамашыларының меншік түріне қарамастан ашық, заң­ды түрде талқылау үшін ын­ты­мақтастық орнатамыз», деді спи­кер.

Айта кетейік, қазақстандық клуб Халықаралық Альпі қоғам­дастығының құндылықтары мен қағи­даларын ұстанады. Алдағы уақытта шетелдік Аlpine Club-пен тәжірибе алмасу және туристерді тарту бойынша белсенді жұмыс істеу жоспарланған.