Аймақтар • 27 Қазан, 2020

Бағаны жәрмеңке «тұсайды»

460 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері әлемді әбігерге салған коронавирус індетінің салқыны азық-түліктің бағасына да кері әсерін тигізе бастады. Салдарынан кей өңірлерде алыпсатарлар бағаны негізсіз көтеріп, қара халықтың қалтасын қаға түсуде.

Бағаны жәрмеңке «тұсайды»

 

Індеттің екінші толқынына қарсы дайын­дық жұмыстары кезінде Шымкент қаласы әкім­дігі осы мәселеге баса назар аударды. Бірінші кезекте дә­рі-дәрмекпен қатар ауыл ша­руашылығы өнімдерінің де баға те­пе-теңдігін ұстап тұру үшін ұтымды әдіс­­тер мен тиім­ді жобаларды қолға алды. Со­­ның бірі – Шымшаһарда апта сайын ауыл­шаруашылық өнім­дерінің жәрмеңкесі ұйым­­дастырылады. Ауыл ша­руа­шылығы өнім­дерінің жәр­мең­келері демалыс күндері өткі­­зілетін. Енді аптаның ортасын­да жәр­меңке ұйымдастыру қолға алынып отыр.

Мәселен, бір ғана Еңбек­ші ауданында аптаның әр сәр­­­сенбі күні ауыл шаруа­шы­­­лығы өнімдерін өндіруші­лер­­дің жәрмеңкесі «Фос­фор­шы­лар» мәдениет сарайы­ның алдындағы алаңда өту­­де. Ауылшаруашылық жәр­­­меңкесі азаматтарды қол­же­­­тім­­ді баға бойынша сапалы және әртүрлі өнімдермен қам­тамасыз етуді көздейді.

«Індет салдарынан барлық салада инфляция жүріп жатыр. Азық-түлік бағасы да өсіп барады. Осындай қы­сыл­таяң сәт­те бағаны тұрақ­тандыру үшін қала әкімдігі әлеу­мет­тік дүкендер мен арнайы жәр­меңкелерді көптеп ұйым­дас­тыруда. Осыдан біраз ілгері ел ішінде «азық-түлік қоры жет­кіліксіз» деген алып-қашпа әңгіме гулеген еді. Алайда ша­һар басшысы қаладағы ірі қой­малар мен сауда орындары­на зерттеу, зерделеу жүр­гізу арқылы Шымкентте азық-тү­лік қоры жет­кілікті екенін жет­­кізді», дейді жәрмеңкеге кел­­ген тұрғын Әли Қожа.

Жәрмеңкеге келушілердің са­нитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауын аудан әкім­­дігі қатаң бақылауда. Сон­дай-ақ ашық базарда тұтыну­шы­ларды бетперделік режімін, әлеу­меттік қашықтықты сақ­тау­ды ескертіп келеді.

Қазіргі таңда қалада азық-түлік тауар­ларының тап­­шы­лығын болдырмау мақса­тын­да 50 тауар өндіруші кәсіп­орын, 18 қойма және 25 сауда ны­санға зерделеу жұмыстары жүргізілген.

Статистикалық мәлімет­тер­ге сүйенсек, бүгінде қала аумағында егістік алқабынан 60 мың тоннаға жуық өнім жиналған. Демек, алтын күзде жиналған ауыл шаруашылы­ғы өнімдері бірінші кезекте қала­ның азық-түлік қорына құйылары айдан анық. Одан асып жатқаны өзге облыстар мен алыс-жақын шетелдерге сатылымға шығарылмақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл­ғы Жолдауында ауыл ша­руа­шылығы саласын экономи­ка­ның қозғаушы күші ретінде дамытуды тапсырған болатын. Осы мақсатта қалада ауыл шаруашылығын дамыту бо­йынша бірқатар ауқымды жұмыс атқарылуда.

Биыл жоспарға сәйкес, 27 600 гектар аумаққа егістік егу жоспарланған. Қазіргі таңда 27 908,2 гектарға егіс егіліп, жос­пардан 308,2 гектарға ар­тық орындалып отыр. Бұл көр­сеткіш 2019 жылмен са­лыс­­­тыр­ғанда 1 300 гектарға ар­тық. Оның ішінде, дәнді да­­қыл­дардың егіс көлемі – 12 489,1 гектар, майлы дақылдар – 3 568,3 гектар, көкөніс пен бақша – 2 566,3 гектар, картоп –349,9 гектар, малға азық болар дақылдар 6 679,5 гектарды құрайды.

Сонымен қатар агро саланы дамыту ба­ғытында қолға алынған бағдарламалар да өз нәтижесін беріп келеді. Шаруаларды жа­нар-жағар­маймен, субсидиямен қамту ісінде де ілгерілеушілік бар. Атап айтқанда, ауыл ша­руа­шылығы тауар өндіру­ші­ле­рінің кедергісіз өнім жинау жұмыстарын ұйым­дас­ты­ру мақсатында мемлекет та­ра­пынан жеңілдетілген баға­мен күзгі дала жұмыс­тарын жүргізуге мың тонна жанар-жағармай бөлінген (1 литр ба­ғасы – 161 теңге). Ал шаруа­ларға 89,7 млн теңгеге 1 210 тонна тыңайтқыш субсидияланды.

Нәтижесінде, ағымдағы жос­парланған 72 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылда­рының 59,3 мың тоннасы бүгінгі таңда жиналды. Оның ішінде 14 мың тонна дәнді дақылдар, 2,4 мың тонна майлы дақылдар, 2,4 мың тонна картоп, 10,8 мың тонна мал азығы және 29,7 мың тон­на ашық топырақтағы жә­не жабық топырақтағы көкөніс­тер мен бақша өнімдері бар.

Өңірдің өзінен шыққан өнім­дердің ба­ғасының негіз­сіз қымбаттап кетпеуін әкім­дік жанынан құрылған арнайы мониторинг топ жіті қа­да­ға­лауда. Аптаның екі кү­нінде қала тұрғындары ауыл ша­руа­шылығы жәрмең­кесінен тұр­мысқа қажетті өнімдерін арзан бағада сатып алуда.

 

ШЫМКЕНТ