Технология • 27 Қазан, 2020

Тұманның ар жағын «көретін» қондырғы

765 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тұман секілді ауа райы құбылысы автокөліктерге жол жүруге айтар­лық­тай кедергі келтіреді. Осы кедергінің алдын алу мақсатында АҚШ-тағы Стэн­форд университетінің ғалымдары бұлттар мен қалың тұманның ар жа­ғын­да не бар екенін көруге мүмкіндік беретін технологияны ойлап тапты.

Тұманның ар жағын «көретін» қондырғы

Зерттеушілер айналадағы заттарды тану үшін дрондарда қол­данылатын жүйені негізге алады. Жүйеге арнайы лазер орналастыры­лып, қолданыстағы жабдыққа үш өлшемді жасырын нысандарды анық­тауға мүмкіндік беретін ерекше алгоритм қосылған. Алгоритм бойынша жүйеде шағылысқан жарық бөл­шектерін қолдана отырып, ғалым­дар шағылысқан заттардың суреттерін қалпына келтіруге қол жеткізген.

Осы орайда қондырғының өмір­шең­дігін байқауға болады. Себебі зерттеушілер қалыңдығы 5 мм болатын фотон арқылы айналадағы заттарды бақылап, олардың түр-түсін анықтаған. Мәселен, лазердің сәулесі кедергіден өтіп, объектіге жетеді. Ал одан шағылысып шыққан бірнеше фотон қайтып оралады.

Қондырғы – автокөліктерге жол жүргенде, әсіресе, нөсерлі жаңбырда немесе тұманды ауа райында көмек­те­суге арналған. Мұның бәрін меди­ци­на­лық зерттеулер үшін де қолдануға болады.

Қазіргі уақытта технология әлі же­тіл­меген және күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Осыған орай зерттеушілер олар­дың жаңа жүйесі автономды кө­лік­­­терді қауіпсіз ете алады деп са­найды. Аталған шешім кең көлемде пайда болмас бұрын, оны тағы бірнеше сынақ күтеді.

Бұдан бөлек, MIT Media Lab-тың зерттеушілер тобы да тұман арқылы нысан­дар­ды тануға қабілетті бейнелеу жүйесін ұсынды. Атал­ған қон­дырғы ұшқышсыз ұша­­тын авто­кө­лік­тердің на­ви­­гациялық жүйе­сіне ор­на­­лас­­тырылған. Тіпті адамдар оларды көре алмаса да, қа­шықтықты анықтай алады. Соған сәйкес зерттеушілер ToF (time-of-flight) камерасы мен математикалық статис­тика әдістерін қолданды. Ша­ғылысқан жарық қай­тып келетін уақытты белгілейді және сәулелер тұманды сейіл­те­ді. Де­­генмен, зерттеушілер тұманмен ша­ғы­лыс­қан жарық­тың жүру уақыты гамма тара­луының статистикалық мо­делін ұстанатынын анықтады.

Сол себепті жоба жетекші­ле­рі жүйенің жұмысын баға­лауда жарық­тың мөлшерін си­паттайтын опти­ка­­лық қалың­дықты өлшеді. Бұл мән қашық­тыққа тәуелді емес, сон­дық­тан 1 метр қашықтықтан 30 метр қа­шық­тыққа дейін оптикалық қа­лың­дық­ты көре алады.

MIT Media Lab-тың ас­пи­ранты, жоба жетекшісі Гай Сатат: «Қондырғы өте қара­пайым негізде әзірленген. Егер сіз есептеулер мен техниканы көзбе-көз алып қарасаңыз, оның тиімді қондырғы екенін біле аласыз. Ол тұман мен оның тығыздығы туралы алдын ала мәліметтерді қажет етпейді. Керісінше, оны қалың тұманды кездерде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді», дейді ол.