16 Сәуір, 2010

“АБАЙ” МҰРАЖАЙ- КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

1097 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алматыдағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті “Абай айтады...” атты акцияны бастап, “Абай” мұражай-кабинетін ашты. Бұл күндері аталмыш универ­си­тетте ақынның адами, рухани, жалпы адамзаттық құндылық­тарын ғылыми негіздеу, оны наси­хаттау, халықтың игілігіне асыру және жас ұрпақты осы тұрғыда тәрбиелеу мақ­сатында айта­рылық­тай істер атқа­ры­лып жүр. Ұлты­­мыздың ұстаздар қауымын даяр­лап жатқан оқу орда­сында елімізде тұң­ғыш рет “Абай­тану” ғылыми-зерт­теу орта­лығы ашылып, ол ұлы ой­шыл­дың рухани мұраларын жүйе­леу жұ­мы­сымен тыңғылықты айна­лысуда. Сол сияқты студенттер ара­сында республикалық “Абай­тану” дәріс­терін өткізу қолға алынған. Мәселен, қабырғада қаздай тізілген Абай өлеңдері де өнегесі­мен ойға жетелейді. Абайтану ғылы­ми-зерттеу орталығын уни­вер­ситет ұжымы ұйымдастыруды қолға алғанда көп пікірлесіп, оның басы-қасында ақынның шығарма­шылығын терең білетін оқымыс­тылардың болғаны дұрыс деген пайымға келген. Ол – абайтану­шы ғалым Мекемтас Мырзахметұлы. Салтанатты тұсаукесерді ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Серік Пірәлиев: – Бұл жай орталық емес. Ұрпақ үшін үлкен міндет атқарып, парызын өтейтін орталық. Біз осы орталық арқылы алдымызға мақсат қойдық. Университет сту­дентт­ері өткен оқу жылынан бастап абай­тануды пән ретінде оқи бастады. Бір айта кетер­лігі, оны тек филологтар ғана емес, басқа факультеттің сту­дент­тері де оқиды. Біз несие бөлдік. Сондық­тан, ашылып отырған орталыққа көп міндет жүктеледі. Алдымен универ­ситтің 15 мың сту­денті үшін оқулық­тар мен әдіс­темелік құралдар дайын­дау қажет. Және Абай бабамыздың еңбектерін зерттеу жұмыстарын жандандыра­тын кез жетті, – деді. Университеттің тағы бір жетіс­тігі, елімізде бірінші болып ұлттық тәрбие атты пәнді оқытуды қолға алған. Және бұл мақсатқа 4 несие бөлініп отыр. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.