Әлем • 30 Қазан, 2020

Абайдың "Қара сөздері"‎ чех тілінде жарық көрді

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Елшілігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп ұлы ақын мен ағартушының чех тіліне аударылған "Қара сөздері" кітабының онлайн таныстырылымын өткізді.

Абайдың "Қара сөздері"‎ чех тілінде жарық көрді

Іс-шараға Қазақстан мен Чехияның белгілі қоғам қайраткерлері, ғылыми топтары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстандық дипломаттар бүгінде Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында тұрған кезде ұлы Абайдың сөздері ерекше мәнге ие болатынын атап өтті.

Чехияның «Азия достары тобының» жетекшісі, профессор, философия ғылымдарының докторы Иржи Шима кітаптың жарық көруі чех жұртшылығына әлемдік әдебиеттің дамуы мен қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан дара ақынының шығармашылығымен танысуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Карлов университетінің профессоры Томаш Кучера өз сөзінде: «Қазақтың ойшылы және ақыны Абай Құнанбайұлының кітабы теңдесі жоқ басылым.  Ол чех оқырмандарына қазақ халқының тарихы мен дәстүрін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретініне және біздің мәдениеттерімізді жақындастыратынына кәміл сенеміз сөзсіз».

Чех бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сөздері де қызығушылықпен тыңдалды.

Қазақстандық тараптан презентацияға бейне байланыс арқылы «Қазақстан Жазушылар одағының» төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Мамытжанов, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директорының орынбасары Әлия Қожабекова қатысты.

Чех тіліне аударылған Абайдың «Қара сөздерін» Қазақстан Елшілігі Прагадағы білім беру мекемелерінің кітапхана қорларына жібереді.