"Елдегі орын алатын төтенше жағдайлардың 92 пайызын өрттер құрайды. Жылу беру кезеңінде жағдай ушығып кетеді. Пандемияны ескере отырып, биыл жылу беру маусымы әдеттегіден ерте басталды. Қыркүйектен бастап тұрғын үй секторында 1 300-ден астам өрт оқиғасы орын алды", деді министр Үкімет отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, өрт жағдайы фактілерінің өсуі Шымкент қаласында 8 есе, Алматы – 60%, ал қырықтан жиырма пайызға дейін төмендеу Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалды.
"Өрттің өсу себептері өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамау салдарынан, атап айтқанда тұрмыстық құрылғылар мен пештерді пайдалану кезінде орын алып отыр", деді Ю. Ильин.
"Былтырғы жылғы тәжірибенің негізінде тұрғын үй секторында жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде. Жылу беру маусымы басталғанға дейін 15 тамыздан бастап тиісті шаралар атқарылды. Осы орайда халық арасындағы әлеуметтік осал топтардағы 118 мыңнан астам тұрғын үйі есепке алынды. Өңірлік әкімдіктермен, ішкі істер органдарының, әлеуметтік қамту, білім беру және денсаулық сақтау өкілдерімен бірлесіп 87 мыңнан астам үйге немесе 74 пайызына аралап тексерулер жүргізілді. Оның ішінде 9 пайызға жуығы (10 мыңнан астам үй) өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұза отырып пайдаланылуда, олар жергілікті атқарушы органдар бақылауына алынды", деді министр.