Шымкентте "Шаңырақ" отбасылық институт орталығы ашылды. Бұл туралы бүгін "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында өткен отырыста Шымкент қалалық әйелдер Кеңесінің төрайымы Баян Айтбековна Жандосова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отбасы – кез келген жанның өзін қорғауда сезінетін бақыт мекені. Сондықтан шаңырақ құрғанда жастардың білім, тәжірибе, кеңестер мен қолдаудың жеткілікті болуы берік отбасы құруға алып келеді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика мәліметтері бойынша Қазақстанда соңғы 10 жылда 1,5 млн жұп үйленсе, дәл осы кезеңде жарты миллионнан астам адам ажырасқан екен. Ажырасу саны жыл сайын артпаса, азаймақ емес. Ал, Аристотель айтқандай қоғам ол отбасы қауымдастықтарынан құралатынын ескерсек, елдегі отбасылардың негізі берік қалануы – мемлекеттік деңгейдегі ауқымды мәселе.
Осы орайда, отбасыны сауатты құрып, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арқау болған бүгінгі іс-шара қоғаманың өзекті мәселесін ортаға салды. Жиында алғаш болып сөз сөйлеген Баян Айтбековна қаладағы тағдыр талқысына түскен отбасылар мен балалар мәселесі бақылауда екенін айтты. Соңғы 6 ай аралығында "ONEGE" республикалық жобасы аясында қаламыздағы қиын жағдайға тап болған 25 отбасыға көмек көрсетіліп, 125 кеңес беру жұмыстары жасалған. "Аталған шаралардың мақсаты – қиындыққа душар болған отбасыларға тығырықтан шығар жол көрсетіп, балаларға қауіпсіз жағдай жасау", – деді қалалық әйелдер Кеңесінің төрайымы.
Қазіргі таңда қаламызда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болатын әйелдер саны да сейілер емес. Аранулы әлеуметтік қызметтер көрсететін "Самғау сенім" КММ-нің әлеуметтік консультанты Гульчехра Моминованың айтуынша тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған арулармен нағыз мамандар, әсіресе бұрын соңды осындай жағдайды өз басынан өткізген әйелдер жұмыс жасау керек. Себебі, орталыққа жүгінентін жандар жағдайды бірден ашып айтпайды, оның үстіне олардың көп бөлігі жас қыз-келіншектер. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен әңгімелескенде де арнайы ержелерді сақтау керек. Жүрек түкпіріндегі мұң-мұқтажын түгел ақтару үшін зорлық-зомбылық құрбанына оны қолдап түсінетін жандардың бар екенін сездіру қажет. Сонда ғана мәселе оң шешімін таппақ.
Сонымен қатар тұрғылықты жерінен айырылған жандарға "Самғау сенім" орталығының арнайы баспанасы жұмыс жасайды. Ол жерде қиын жағдайға тап болған азаматтар 6 айға дейін тегін тұрақтай алады.
Аталмыш мәселе аясында іс-шаралар алдағы уақытта да жалғаспақ. "Сингапурлық методика" негізінде жас аналардың біліктілік деңгейін көтеру және 9-12 жас аралығындағы бүлдіршіндердің кәсіпкерлік, менеджмент бағыттары бойынша білім беру жобасының жоспарымен Гүлнара Усенова бөлісті.
Ал, Баян Айтбековна 5-6 қараша күндері әлеуметтік сала жұмысшыларымен отбасылық құндылықтарға байланысты семинар-тренинг өтетінін хабарлады. Семинарға қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.
Жиын соңында қатысушыларға отбасылық сауаттылықты арттыратын оқулықтар табысталып, сұрақ-жауап бөліміне кезек берілді.
Айта кетейік, бәрімізге белгілі 25 қараша – халқаралық зорлық-зомбылықпен күрес күні. Осыған орай жыл сайынғы республикалық "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы биыл да жалғасын таппақ. Бұл іс-шараның басты мақсаты жастарға әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық- зомбылық, кемсітушілік және гендерлік ескі нанымдарға қарсылық білдіру. Осы орайда, өмірлік қиын кезең кез-келгенімізде болуы мүмкін жағдай. Сол себепті қоғамның бұл дертімен ұлт болып күресуіміз аса жауапты міндет екенін еске саламыз.
Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балық қырылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Мерей Базарбаев Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Күрес • Бүгін, 14:52
Қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:39
Түркістанда танысын жұмысқа орналастырмақ болған алаяқ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:30
Алматыда 1560 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 14:22
«Анталия-Ташкент» рейсінің жолаушылары ұшақ бортында төбелесті
Оқиға • Бүгін, 14:12
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:01
Президент Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:55
Қазақстандық зілтеміршілер Ислам ойындарында 10 медаль иеленді
Ауыр атлетика • Бүгін, 13:38
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
СҚО-да жеті айда 129 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:53
Емханаларда көрсетілетін консультация-диагностика қызметтерінің саны артты
Медицина • Бүгін, 12:47
Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:26
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Бірқатар өңірде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:27
Өскеменде жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр
Оқиға • Бүгін, 10:15
Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Әлем • Бүгін, 10:02
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:52
Мемлекет басшысы Сингапурға ресми сапармен барады
Қазақстан • Бүгін, 09:47
Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 09:35
17 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:23
Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды
Президент • Бүгін, 09:03
Елімізде тағы 1 104 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:35
Өнер • Бүгін, 08:33
Ұқсас жаңалықтар